ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
Бекаи ластанудың Парсы шығанағынан жағалауға қарай жылжып келгенін және алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ластануға шетелдік жүк кемесі себеп болуы мүмкін екенін хабарлады.
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
Иран туы (REUTERS).

Иран Сыртқы істер министірлігінің ресми өкілі Исмаил Бекаи әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы күндері әлеуметтік желілерде Иранның Ормуз бұғазы маңындағы Кешм аралы жағалауындағы мұнаймен ластануды көрсететін кадрлар таралғанын білдірді.

Бекаи ластанудың Парсы шығанағынан жағалауға қарай жылжып келгенін және алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ластануға шетелдік жүк кемесі себеп болуы мүмкін екенін хабарлады.

Бекаи ластану Кешм аралы жағалауының үш нүктесінде және теңіз бетінің кейбір бөліктерінде анықталғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл оқиға Парсы шығанағы мен Оман теңізінде соңғы жылдары байқалған ауқымды экологиялық проблемалардың тек көзге көрінетін бөлігі ғана.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды

Аймақтағы сулар мен теңіз экожүйесінің ашық әрі жасырын ластану көздерінің салдарынан елеулі зардап шеккеніне назар аударған Бекаи мұның Иранның жағалау аймақтарына «триллиондаған доллар» көлемінде шығын келтіргенін мәлімдеді.

Иранның Парсы шығанағы мен Оман теңізі бойындағы ең ұзын жағалау сызығына ие ел екенін еске салған Бекаи Тегеранның аймақтағы экологиялық залалға бейжай қарай алмайтынын айтып, былай деді:

«Бұл шығындарды өтеуге кім жауапты? Біздің аймақтан экспортталатын арзан энергияны тұтынатын елдер ме, жүк тасымалын сақтандырушылар ма, әлде Парсы шығанағы мен Оман теңізін әскери операциялар мен аса жойқын қаруларды сынайтын алаңға айналдырған басқыншылар мен олардың серіктестері ме? Ормуз бұғазы арқылы жүзеге асырылатын коммерциялық тасымалдан пайда көретін әрбір тарап Парсы шығанағы мен Оман теңізіне келтірілген экологиялық залалды өтеуге заңдық та, моральдық та тұрғыдан міндетті».

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды