САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ердоған мен Трамп Газа кездесуін 'өте табысты' деп атады
Ердоган бірлескен декларация жақында жарияланатынын айтты, ал Трамп мұсылман басшылармен өткен келіссөздерді 'өте сәтті' деп атады.
Ердоған мен Трамп Газа кездесуін 'өте табысты' деп атады
Түркия Президенті Ердоған және АҚШ Президенті Трамп бірнеше мұсылман елінің басшысымен бірге Газа бойынша көпжақты кездесуге қатысты. / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ Президенті Дональд Трамп және мұсылман елдерінің көшбасшыларымен Газа мәселесіне арналған кездесу «өте жемісті және оң нәтижелі» болғанын айтып, оның пайдалы болатынына үміт білдірді.

«Біз өте жемісті және оң нәтижелі кездесуді жаңа ғана аяқтадық. Мен қанағаттандым, нәтижесі пайдалы болсын», — деді Ердоған.

Екі көшбасшы Біріккен Ұлттар Ұйымының 80-ші Бас Ассамблеясы аясында өткен Газаға арналған аймақтық кездесуге қатысты.

Трамппен өткен саммит бейбітшілікке және бейбіт тұрғындарды қорғауға нақты қадамдар әкелуі мүмкін бе? деген сұраққа Ердоған жақын арада бірлескен декларация жарияланатынын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия президенті Ердоған «Газада соғыс жоқ, бұл - геноцид" деді

«Қорытынды декларация жақын арада жариялануы мүмкін. Трамп пен Тамимнің (Катар Әмірі Шейх Тамим бин Хамад әл-Тани) мәлімдемелерімен бүгінгі кештің нәтижесі анықталады», — деді ол.

Ортақ көзқарастар

Трамп журналистерге бұл жиналыстың «өте табысты» болғанын айтты.

«Біз Газаға қатысты өте жақсы кездесу өткіздік», — деді Трамп.

«Бұл өте табысты кездесу болды, Израильден басқа негізгі ойыншылар қатысты, Алайда алда Израильмен жиналыс болады. Газа тақырыбында шешім табамыз деп үміттенемін», — деді ол.

Жабық есік жағдайында өткен кездесудің нәтижелері туралы қосымша ақпарат берілмеді.

Ердоған бұл келіссөз палестиналықтар үшін маңызды нәтижелер әкеледі деп үміттенетінін айтып, аймақтық қатысушылардың рөлін маңызды деп атап өтті.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді