САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Түркия президенті Ердоған «Газада соғыс жоқ, бұл - геноцид" деді
Түркия басшысы жаһандық әрекетке шақырып, 23 ай бойы әр сағат сайын бір баланың қаза тауып жатқанын мәлімдеді.
Түркия президенті Ердоған «Газада соғыс жоқ, бұл - геноцид" деді
Президент Ердоған БҰҰ-да / AA

Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Түркия президенті Ердоған Израильді Газада геноцид жасады деп айыптап, қанды қырғынды тоқтату үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге үндеді.

Ол «Бәріміздің көз алдымызда 700 күннен астам уақыт бойы Газада геноцид жалғасуда», – деді.

«Соңғы 23 айда Израиль әр сағат сайын бір баланы өлтіріп келеді. Бұлар жай сан емес; әрқайсысы – бір өмір, жазықсыз адам» деді ол.

Ердоған Газадағы гуманитарлық апаттың қазіргі заман тарихында теңдесі жоқ екенін айтып, екі-үш жасар балалардың анестезиясыз аяқ-қолынан айырылып жатқанын жеткізді.

Әлем лидерлеріне бағыттап ол «Бұл – адам баласының ең төмен құлдыраған сәті», – деді. «Газада соғыс жоқ, екі тарап жоқ. Бұл – оккупация, геноцид, жаппай қырып-жою саясаты» дед іол.

«Палестина халқының атынан сөйлеп тұрмын»

Түркия президенті Палестина мемлекетін мойындаған елдерге алғыс білдіріп, мойындамаған елдерді «еш кідірместен қимылдауға» шақырды.

Палестина президенті Махмуд Аббастың Нью-Йоркте болмауына өкінішін жеткізген Ердоған Түркияның «даусы өшірілген Палестина халқының атынан» сөйлеп тұрғанын атап өтті.

Ол Газада атысты дереу тоқтатуға, кедергісіз гуманитарлық көмек жеткізуге және Израильдің геноцид үшін жауаптыларын сотқа тартуға үндеді.

Ердоған Израильдің агрессиясын Газа мен оккупацияланған Батыс Шериядан Сирия, Иран, Йемен, Ливан және Катарға дейін кеңейтіп, аймақтық тұрақтылықты қатерге тігіп отырғанын айтты.

«Уәде етілген жер туралы әуестікпен әрекет ететін Израиль билігі экспансиялық саясаты арқылы аймақ бейбітшілігі мен адамзаттың ортақ жетістіктеріне қауіп төндіруде», – деді ол және Нетаньяхудың «бейбітшілікке де, тұтқындарды құтқаруға да ниеті жоқ» екенін қосты.

«Жәбір көрген палестиналықтардың жанынан табылыңыздар»

Түркия президенті әлем көшбасшыларын «адамзат атынан бүгін жәбірленген палестиналықтардың жанында берік тұруға» шақырды. Ол Израиль шабуылдарының әйел мен балалардың құқықтары, сөз бостандығы, теңдік және әділдік сияқты ең негізгі адам құқықтарын жойып жатқанын айтты.

Ердоған: «Балалар аштық пен дәрі-дәрмектің жоқтығынан қырылып жатқан әлемде тыныштық болуы мүмкін бе?» – деп сұрады. «Адамзат тарихы соңғы жүз жылда мұндай айуандықты көрген емес», – деді ол.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті