САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Ресей–Украина соғысын аяқтау үшін жоспар ұсынды
АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі аталған құжаттың екі тарапқа да қауіпсіздік кепілдіктерін беруді мақсат ететінін айтты.
Трамп Ресей–Украина соғысын аяқтау үшін жоспар ұсынды
Мұрағат. Президент Дональд Трамп Лас-Вегастағы іс-шарада сөз сөйлеуде. / AP

АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі “NBC News” арнасына АҚШ президенті Дональд Трамп осы аптада Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуды көздейтін 28 тармақтан тұратын жоспарды мақұлдағанын хабарлады.

Өкілдің айтуынша, «Жоспар тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін екі тарапқа да қауіпсіздік кепілдіктерін беруге бағытталған. Ол Украина тұрақты бейбітшілік үшін талап етіп отырған және қажет деп санайтын элементтерді қамтиды».

АҚШ өкілі жоспардың нақты мазмұнын ашпады және оның әлі де мүдделі тараптармен талқыланып жатқанын атап өтті.

АҚШ-тың үш өкілі “NBC News”-ке бейбіт келісімнің жобасы әзірге Киевке ұсынылмағанын айтты.

АҚШ-тың екі өкілі, бір еуропалық өкіл және Украина үкіметіне жақын дереккөз АҚШ әскерилерінен құралған делегацияның Әскер хатшысы Дэниел Дрисколлдың басшылығымен сәрсенбі күні Киевке екі мақсатпен барғанын хабарлады. Бұл мақсаттар: әскери стратегия мен технология мәселелерін талқылау және әкімшіліктің бейбіт үдерісті қайта жандандыру бастамасына қолдау көрсету.

АҚШ-тың бір өкілі Киевке жасалған бұл сапарды Ақ Үйдің «бейбіт келіссөздерді қайта бастау» талпынысының бір бөлігі ретінде сипаттады.

Алайда Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков Дрисколлдың Киевтегі кездесулерінен кейін Ресейдің онымен келіссөз жүргізу жоспары туралы сұраққа «мұндай жоспар жоқ» деп жауап берді. Бұл жағдай тамыз айында Аляскадағы Анкоридж қаласында Дональд Трамп пен Владимир Путиннің жоғары деңгейдегі келіссөздерінен бері айтарлықтай ілгерілеу болмағанын көрсетеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп пен Путин келісімге келе алмады

Украина үкіметіне жақын дереккөз және мәселеден хабардар бір еуропалық өкіл Украина ұсынылып отырған бейбіт жоспардың мазмұнын айқындауға қатыспағанын айтты. Екі дереккөз де жоспардың жалпы бағыты Украинаға хабарланғанымен, елге егжей-тегжейлі ақпарат берілмегенін және пікір сұралмағанын жеткізді.

Кремль бұған дейін Путин мен Трамптың Аляскадағы кездесуінен бері Украинадағы бейбіт келісім мүмкіндігіне қатысты ұстанымының өзгермегенін атап өткен.

АҚШ-тың “Axios” басылымының хабарлауынша, Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Путиннің өкілі Кирилл Дмитриев өткен айдың соңында Флорида штатында Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған құжат жобасын талқылау үшін кездескен.

Хабарға сәйкес, АҚШ-тың 28 тармақтан тұратын жоспары Трамптың Газада келісімге қол жеткізудегі табысты бастамасына сүйенген.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина президенті Түркияға келеді
Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді