ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
НАТО Бас хатшысы Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жоғары бағалады
Марк Рютте шілде айында Анкара қаласында өтетін НАТО көшбасшылар саммиті алдында Түркияға келді.
НАТО Бас хатшысы Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жоғары бағалады
НАТО Бас хатшысы Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жоғары бағалады / AA

Марк Рютте НАТО-ның қорғаныс өнеркәсібі Түркиядан көп нәрсе үйрене алатынын айтып, Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде революция жасағанын мәлімдеді.

Түркияның жетекші қорғаныс компанияларының бірі «Aselsan» ғимаратында сөз сөйлеген Рютте бұл саланың Түркияның соңғы жылдардағы қарқынды дамуы мен ілгерілеуінен көп нәрсе үйрене алатынын айтты.

Ол: «Біз бұдан да жақсырақ әрі көбірек жұмыс істеуіміз керек. Түркияның жетістіктерінен көп нәрсе үйрене аламыз. Бұрын да айтқанмын, Түркия қорғаныс өнеркәсібінде революция жасады», - деді.

Рютте шілде айында Анкара қаласында өтетін НАТО көшбасшылар саммиті алдында Түркияға келді.

ҚатыстыTRT Қазақ - НАТО: «Түрік қорғаныс өнеркәсібі Еуропа және оның одақтастарымен тығыз байланыста болуы керек»

Сапар аясында НАТО Бас хатшысы Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі. Бұған дейін олар телефон арқылы сөйлесіп, аймақтық, жаһандық және одаққа қатысты мәселелерді талқылаған.

Ердоған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына байланысты шиеленістің күшеюі тұрақсыздықты тереңдетуі мүмкін екенін ескертіп, халықаралық қауымдастықты қақтығысты тоқтатуға күш салуға шақырды.

Сонымен қатар ол НАТО-ның Түркияның әуе қорғанысына көрсеткен қолдауын атап өтіп, соңғы уақыттағы ынтымақтасық одақтың қорғаныс әлеуеті мен ықпалын дәлелдегенін айтты.

НАТО 28 ақпаннан бері жалғасып жатқан АҚШ, Израиль-Иран қақтығысы кезінде Түркия әуе кеңістігіне кірген баллистикалық оқ-дәрілерді залалсыздандырды және одақтың жедел үйлестіру қабілетін айқын көрсетті.

Іздеу
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Президент Ердоғанға қастандық жасамақ болған ФЕТӨ мүшесі ұсталды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газадағы шабуылдарын айыптады
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Түрік тілінің деңгейін анықтау емтиханына (TYS) өтінім қабылдау басталады
Сабиха Гөкчен әуежайы 2026 жылдың алғашқы жартысында Еуропаның ірі әуежайларын басып озды
Президент Ердоған Ливан президенті Аунмен кездесті
TİKA угандалық әйелдердің кәсіби білім алуына қолдау көрсетті