ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
НАТО: «Түрік қорғаныс өнеркәсібі Еуропа және оның одақтастарымен тығыз байланыста болуы керек»
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте: «Түркияның өте үлкен қорғаныс өнеркәсібі базасы бар. Кейде олардың қаншалықты мықты екенін ұмытып кетеміз», - деді.
НАТО: «Түрік қорғаныс өнеркәсібі Еуропа және оның одақтастарымен тығыз байланыста болуы керек»
/ Anadolu Agency

НАТО бас хатшысы Марк Рютте Түркияның қорғаныс өнеркәсібі базасын мақтап, елдің қорғаныс өнеркәсібі Ұлыбритания, Норвегия және Еуропа Одағымен тығыз байланыста болуы керек деді.

Рютте сейсенбі күні Гаагадағы НАТО қоғамдық форумында «Түркияның өте үлкен қорғаныс өнеркәсібі базасы бар. Кейде олардың қаншалықты мықты екенін ұмытып кетеміз. Мен олардың кейбір компанияларын араладым, бұл өте әсерлі еді», - деді.

«Біз түрік қорғаныс өнеркәсібі базасының Ұлыбритания, Норвегия және Еуропалық Одақпен мүмкіндігінше тығыз байланыста болуын қамтамасыз етуіміз керек», - деп қосты Рютте.

Рютте қорғаныс саласындағы ынтымақтастық аясында одақ ішінде ішкі бөлінулер болмауы керектігін атап өтіп, «НАТО ішінде мұндай тосқауылдарға жол бермейік. Бұл пайда әкелмейді» деді.

НАТО-ға мүше 32 елдің көшбасшылары 24-25 маусымда Гаагада қорғаныс шығындарының артуы мен Украинаның мүшелікке өтінішін қарастыру үшін жиналады.

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды