ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Оман сұлтанымен кездесті
Түркия президенті Оман сұлтанымен кездесуінде Түркия мен Оманның Палестина мәселесіне қатысты ұстанымдарының сәйкес келетінін және екі мемлекет негізіндегі шешім үшін бірлесе әрекет ететіндерін мәлімдеді.
Президент Ердоған Оман сұлтанымен кездесті
Президент Эрдоған Оман сұлтанымен кездесті / Anadolu Agency

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Оман астанасы Маскатта сұлтан Хәйсам бин Тарикпен кездесіп, өнеркәсіп, қорғаныс және байланыс салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Көшбасшылар Палестина мәселесіне қатысты ынтымақтасты қайталап, аймақтық және жаһандық мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұл сапар президент Ердоғанның Кувейт пен Катарға жасаған сапарларынан кейінгі үш елді қамтыған Парсы шығанағы сапарының соңғы кезеңі болды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған үш елді қамтитын Парсы шығанағы сапарына шықты

Түркияның дипломатиялық дереккөздерінің хабарлауынша, бұл кездесу бейсенбі күні Маскаттағы Әл-Алам сарайында баспасөзге жабық өтті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы таратқан мәлімдемеде екі ел басшыларының кездесуде екіжақты қатынастарды, сондай-ақ аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылағаны атап өтілді.

Мәлімдемеде: «Президент Ердоған кездесу барысында Түркия мен Оманның терең тарихи және бауырластық байланыста екенін, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақты одан әрі нығайтқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Оманмен өнеркәсіптен бастап экономикаға, қорғаныстан байланысқа дейінгі көптеген салада ынтымақтастықты дамыту көзделіп отырғанын айтты», - делінген.

«Президент Ердоған Түркия мен Оманның әсіресе Палестина мәселесі сияқты көптеген мәселеде ұстанымдарының сәйкес келетінін, Оманның аймақтағы бітім мен диалогқа негізделген күш-жігерін жоғары бағалайтынын және Газа бойынша екі мемлекет негізіндегі шешім үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласқанын жеткізді», -делінген мәлімдемеде.

Кездесуден кейін екі ел арасында 16 жаңа құжатқа қол қойылғаны хабарланды.

 

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды