САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Араб мемлекеттері Газадағы геноцидті дереу тоқтатуға шақырды
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі, Араб лигасы және Палестина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін әрекет етуге шақырып, гуманитарлық апат қаупі туралы ескертті.
Араб мемлекеттері Газадағы геноцидті дереу тоқтатуға шақырды
Араб мемлекеттері Газадағы геноцидті дереу тоқтатуға шақырды / AP

Араб елдері екінші жылына таяп қалған Израильдің Газа секторына қарсы «геноцидтік соғыс» деп сипатталған шабуылдарын дереу тоқтатуды талап етті.

Кувейттің тақ мұрагері шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыс мәселесіне арналған ашық отырысында Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі атынан мәлімдеме жасады.

Шейх Сабах кездесудің Газа қасіретінің ең қараңғы кезеңдерінің бірінде өтіп жатқанын атап өтіп, қирау, блокада және басым бөлігі әйелдер мен балалардан тұратын 64 мыңнан астам бейбіт тұрғынның қаза тапқанына назар аударды.

БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Газа жағдайын «геноцид пен этникалық тазалаудың айқын мысалы, елемеуге болмайтын терең жара» деп атады. Ол Қауіпсіздік Кеңесін агрессияны тоқтатып, гуманитарлық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етіп, бейбіт тұрғындарды қорғау үшін нақты әрекет етуге шақырды.

Мысырдың БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Осама Абдельхалек те Каирдің Израильдің арандатушылық әрекеттеріне қарамастан шиеленісті үдетуден үнемі аулақ болып келгенін айтып, атысты тоқтатуды жедел қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Абдельхалек Израильдің соғысты жалғастырудағы «табандылығын» сынға алып, Газадағы гуманитарлық апатты тоқтату қажеттігіне тоқталды.

Палестинаның БҰҰ-дағы елшісі Рияд Мансур: «Палестиналықтар адамзаттан төмен жаратылыстар емес. Біздің өмір, еркіндік және ар-намысқа құқықтарымыз бар. Израильдің Газадағы халқымызға қарсы істеген қатыгездігі ешқашан ақталмайды», - деді.

Мансур: «Жоқ болсын, геноцид те, ұрлық та, күштеп ығыстыру да, отарлау да, аннексия да, оккупация да, барлығы. Тек қана Газаны құтқарыңдар. Палестинаны құтқарыңдар. Бейбітшілікті құтқарыңдар», - деді.

Араб Лигасының Бас хатшысы Ахмед Абуль Гейт кеңеске: «Газадағы оқиғалар— қатыгез және адамгершілікке жат теңдессіз жағдай. Бірақ мақсат айқын: Палестина қоғамын жою және бүкіл аймақты тұрмысқа жарамсыз етіп, халықты қоныс аударуға мәжбүрлеу», - деді. Ол мұндай жоспардың Қауіпсіздік Кеңесінің заңдылығына нұқсан келтіретіні туралы ескерту жасады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия президенті Ердоған «Газада соғыс жоқ, бұл - геноцид" деді

«Газада болып жатқандар Газада қалмайды», - деп айтқан Абуль Гейт жедел әрі нақты әрекет жасауға шақырды.

«Қауіпсіздік Кеңесі дұрыс шешім қабылдауға тиіс уақыт келді. Соғысты ертеңге қалдырмай бүгін-ақ тоқтатайық және Газаны қайта құруды, оның балаларына балалық шағын қайтаруды бастайық», - деп түйіндеді.

Іздеу
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді