ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
28–29 маусым күндері Стамбулда НАТО Парламенттік саммиті ұйымдастырылады.
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Отагтепе паркі мен Фатих Сұлтан Мехмет көпірі [Мұрағат]

Мәжіліс төрағалығы таратқан мәлімдемеге сәйкес, 7–8 шілде күндері Анкарада өтетін НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммиті қарсаңында НАТО-ға мүше елдердің парламент төрағалары мен делегациялары Стамбулда бас қосады.

Стамбулдағы саммитке 32 одақтас елдің парламент төрағалары мен делегация басшыларымен қатар НАТО Парламенттік ассамблеясының (NATO PA) төрағасы Маркош Перештреллу, НАТО PA Президенттік бюросының мүшелері және өзге де жоғары лауазымды өкілдердің қатысуы жоспарланған.

Жиынның мақсаты — одақтас елдер арасындағы парламенттік үйлестіру мен диалогты нығайтуға үлес қосу.

Стамбулдағы НАТО Парламенттік саммиті АҚШ пен Бельгияда өткен кездесулерден кейінгі үшінші саммит болмақ.

Түркия президентінің қатысушылармен кездесуі жоспарланған

НАТО парламент спикерлерінің саммиті 29 маусым дүйсенбі күні Долмабахче сарайында өтеді. Жиында парламент төрағалары мен делегация басшылары сөз сөйлейді.

Саммит аясында берілетін ресми түскі ас барысында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысушылармен кездесіп, сөз сөйлеуі жоспарланған.

ҚатыстыTRT Қазақ - НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды