ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Қытай АҚШ-пен диалог орнатуға шақырды
Соңғы апталарда Пекин сирек кездесетін жер элементтері саласындағы экспортқа кең көлемді шектеулер енгізгеннен кейін, Пекин мен Вашингтон арасындағы шиеленіс күшейе түсті.
Қытай АҚШ-пен диалог орнатуға шақырды
Қытай АҚШ-пен диалог орнатуға шақырды / AP

Қытай экономикалық алпауыттар арасында сауда соғысы жалғасып жатқан кезде Америка Құрама Штаттарымен тең дәрежелі диалог орнатуға шақырды. Бұл оқиға «Apple» компаниясының бас директоры Тим Куктың Қытайға жасаған сапары кезінде болды.

Өткен апта Пекин сирек кездесетін жер элементтерінің экспортына кең ауқымды бақылау шараларын енгізген болатын. Бұған жауап ретінде АҚШ президенті Дональд Трамп 1 қарашадан бастап 100 пайыздық кедендік тариф енгізілетінін мәлімдеді, алайда Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жоспарланған кездесу бұл шиеленісті азайтуы мүмкін.  

ҚатыстыTRT Қазақ - Бейжің Қытай компанияларына салынған санкцияларды 'дереу' алып тастауға шақырды

«Apple» компаниясы үшін маңызды нарық әрі өндіріс орталығы саналатын Қытайға жиі келетін Кук бейсенбі күні Қытайдың Сауда министрі Ван Вэньтаомен кездесті. Ресми мәліметке сәйкес, Ван кездесу барысында Пекин мен Вашингтонның «тең диалог пен кеңесу арқылы мәселелерге шешім іздеуі қажет» екенін атап өтті.

Ван сонымен қатар «Apple» компаниясының Қытайдағы инвестиция көлемінің артып келе жатқанына қуанышты екенін айтты. Сауда министрлігінің хабарлауынша, Кук Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық қатынастардың өте маңызды екенін атап өтті.

«Apple» бас директоры Қытайдың бас сауда келіссөздері бойынша өкілі, Вице-премьер Хэ Лифэнмен де кездесті. Мемлекеттік «Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кук Цинхуа университетінің Экономика және басқару мектебінің отырысында Қытайдың әлем елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін айтты.

«Blackstone» компаниясының бас директоры Стивен А. Шварцман да сол кезде Пекинде болып, Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті. Ресми ақпаратқа сәйкес, Ван И Шварцманға: «Қытай мен АҚШ арасындағы қатынастар қазіргі таңда әлемдегі ең маңызды екіжақты байланыс», -  деді. Ол сондай-ақ «байланысты тоқтату - қате таңдау, өйткені қақтығыс екі тарапқа да зиян келтіреді»,-  деп қосты. Шварцман екі ел арасындағы түсініспеушіліктердің жойылатынына үміт білдірді.

 

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді