САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия Президенті Нью-Йоркте әлем лидерлеріне арналған іс-шараға қатысты
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине Ердоған АҚШ Президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамп ұйымдастырған іс-шараға қатысты.
Түркия Президенті Нью-Йоркте әлем лидерлеріне арналған іс-шараға қатысты
Түркия Президенті Нью-Йоркте әлем лидерлеріне арналған іс-шараға қатысты

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп пен пен жұбайы Мелания Трамп тарапынан мемлекет басшылары мен олардың жұбайлары құрметіне ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Ердоғанға Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында «Lotte Palace Hotel”-де өткен іс-шарада жұбайы Емине Ердоған серік болды. Қабылдау БАҚ-қа жабық түрде өтті.

Сонымен қатар БҰҰ «Нөлдік қалдық» Жоғары деңгейлі тұлғалар консультативтік кеңесінің төрағасы болып табылатын Емине Ердоған Мелания Трамп ұйымдастырған лидерлердің жұбайларына арналған кездесуге қатысты. Кездесуде Емине Ердоған әртүрлі мемлекет басшыларының жұбайларымен балалар, әйелдер, қоршаған орта және мәдениет тақырыптарында әңгімелесті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия президенті Ердоған «Газада соғыс жоқ, бұл - геноцид" деді

Одан бөлек Емине Ердоған Габон Президенті Брис Клотер Олиги Нгеманың жұбайы Зита Олиги Нгемамен Түрік үйінде кездесті. Кездесу барысында Нгема «Нөлдік қалдық» жобасынан шабыт алып, бұл салада Түркиямен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты.

Түрік үйінде Түркия Президентінің жұбайы сондай-ақ Косово Президенті Вьоса Османидің жұбайы Приндон Садриумен кездесті. Түркиялық әлеуметтік медиа платформасы “Nsosyal”-да екі тараптың Түркия мен Косово арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін тақырыптарда ынтымақтастықтың маңызын атап өткенін білдірген ол: «Мұндай жақын диалогтардың Түркия мен Косово арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуына үміттенеміз», – деді.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады