ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
“Axios” басылымының мәліметінше, CENTCOM қолбасшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа Ормуз бұғазы маңындағы бомбалау операцияларын жалғастырудың қажеті жоқ екенін айтқан.
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
CENTCOM қолбасшысы Купердің «нысаналардың басым бөлігі жойылғандықтан» операцияны тоқтатуды ұсынғаны туралы мәлімет тарады.

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) Ормуз бұғазы маңындағы әуе шабуылдарының тиімділігі шегіне жеткені және «нысаналардың басым бөлігі жойылғандықтан» операцияны тоқтатуды ұсынғаны туралы мәлімет тарады.

“Axios” басылымына сұхбат берген екі дереккөздің мәліметінше, CENTCOM қолбасшысы, адмирал Брэд Купер АҚШ президенті Дональд Трампқа Ормуз бұғазы маңындағы бомбалау операцияларын жалғастырудың қажеті жоқ екенін айтқан. Сондай-ақ бұл ұсыныс Трамптың жұма күні Иранға қарсы шабуылдарды тоқтату туралы шешіміне ықпал еткені айтылды.

Дереккөздердің мәліметінше, Купер Тегеранның сауда кемелеріне шабуыл жасау мүмкіндігін «айтарлықтай әлсіреткен» операциялардың ауқымды әскери қақтығысқа ұласпаған жағдайда бұдан әрі стратегиялық мақсатқа қызмет етпейтінін жеткізген.

Хабарда шабуылдарды тоқтату жөніндегі ұсыныстың Трампқа әскери және азаматтық кеңесшілері тарапынан берілгені, сондай-ақ бұдан былай әсіресе әуе шабуылдары арқылы қол жеткізуге болатын қосымша әскери мақсаттардың қалмағаны атап өтілгені айтылды.

Трамп шамамен екі апта бойы АҚШ әскери күштері ұсынған шабуыл жоспарларын күн сайын бекітіп отырған. Бұл операциялар Таяу Шығыс уақыты бойынша түн ортасы шамасында жүзеге асырылған.

Алайда президенттің жұма күні шабуылдарды тоқтату туралы тапсырмасы бұған дейін 13 күн қатарынан жүргізілген операцияларға қанша уақытқа үзіліс жасалғанын нақты көрсетпейді.

Жұма күні кешке Вашингтонда өткен Ақ Үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында сөйлеген сөзінде Трамп Иранның әзірге келісім жасауға дайын емес екенін жеткізген болатын.

Трамптың Иранға қарсы жаңа шабуылға рұқсат бермеуі Оман делегациясының Ормуз бұғазын қайта ашу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу үшін кеше Тегеранға келуімен тұспа-тұс келді.

Сонымен қатар АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц президент Дональд Трамптың Иранға қарсы шабуылдарға екі күндік үзіліс жариялау арқылы дипломатиялық келіссөздерге мүмкіндік бергенін айтты. Оның айтуынша, «барлық нұсқалар қарастырылып отыр».

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды