ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Мысыр: «Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге дайынбыз»
Мысырдың Солтүстік Синай губернаторы «Дағдарысты басқару орталығы көмек таратумен қатар алдағы ықтимал жағдайлар бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді.
Мысыр: «Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге дайынбыз»
Мысыр: «Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге дайынбыз» / Reuters

Мысыр Рафах шекара өткелі қайта ашылған жағдайда Газадан жараланғандарды қабылдауға және аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Солтүстік Синай губернаторы генерал-майор Халед Мужавир сәрсенбі күні Мысырдың мемлекеттік телеарнасына Рафах шекара өткелінің Мысыр тарапы барлық жағдайға дайын екенін айтты. Ол «Дағдарысты басқару орталығы шекара өткелін қайта ашуға дайындық аясында көмек жеткізумен қатар барлық жағдайларды қарастырып жатыр»,- деді.

Мужавир алдын ала дайындық жасалғанын айтып, Каирдегі дағдарыс орталығымен және барлық мемлекеттік мекемелермен байланыс жалғасып жатқанын атап өтті. Ол Газадан жараланғандарды қабылдауға және гуманитарлық көмектің кіруіне толық дайын екендерін жеткізді.

Израильдің мемлекеттік телеарнасы «KAN»-ның мәліметінше, Рафах шекара өткелі 1 ақпанда екі бағытта қайта ашылуы мүмкін.

Бірінші кезеңнің шарттарының орындалуы

Дональд Трамп 2025 жылдың 9 қазанда Мысырда өткен келіссөз кезінде ХАМАС пен Израильдің атысты тоқтату жоспарының алғашқы кезеңін мақұлдағанын жариялаған болатын. Израиль үкіметі бітімді мақұлдағаннан кейін келесі күні келісім күшіне енді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль атысты тоқтату келісімі күшіне енгенін ресми түрде жариялады

Газадағы соңғы израильдік тұтқын Ран Гвилидің мәйіті 26 қаңтарда табылып, Израильге қайтарылғаннан кейін ХАМАС келісімнің бірінші кезеңінің шарттарын орындады. Алайда Израиль әскері атысты тоқтату келісіміне қарамастан түрлі сылтаумен Газадағы палестиналықтарға қарсы шабуылдарын жалғастырды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль атысты тоқтату режимін қайта бұзды

Ал Трамптың Таяу Шығыс жөніндегі өкілі Стив Уиткофф 14 қаңтарда 20 тармақтан тұратын Газа жоспарының екінші кезеңі басталғанын және Али Шаат жетекшілік ететін палестиналық технократтардан құралған Газа Ұлттық басқару комитеті құрылғанын мәлімдеді.

2024 жылдың мамырынан бері Израиль бақылауындағы Рафах шекара өткелін қайта ашу және келісімде белгіленген көлемде гуманитарлық көмектің Газаға кіруіне рұқсат беру келісімнің алғашқы кезеңіндегі міндеттемелер қатарында.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты