САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран АҚШ-ты «терроризмнің ең ірі демеушісі» деп атады
Иран АҚШ жиі қайталайтын айыптаулардың Израиль мен Вашингтонның бірлескен қылмыстарын, бейбіт тұрғындар мен ядролық нысандарға жасаған шабуылдарын ақтай алмайтынын мәлімдеді.
Иран АҚШ-ты «терроризмнің ең ірі демеушісі» деп атады
Иран АҚШ-ты «терроризмнің ең ірі демеушісі» деп атады / AP

Иран сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздерге шақыруына қатаң жауап беріп, Вашингтонның айыптауларын «негізсіз» деп атады.

Трамп Израиль парламенті Кнессетте сөйлеген сөзінде, Иран басшыларының террористерден бас тартып, көршілерін қорқытуды тоқтатуы, делдал жасақтарға қаржылай қолдауды доғару және Израильді мойындауы керектігін айтты. Ол бұл әрекеттердің аймақ үшін ең дұрыс шешім болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Трамп Иранның «келісімге келмейміз» дегеніне қарамастан, іс жүзінде АҚШ-пен бейбіт келісім жасағысы келетінін де айтты.

Иранның ресми ақпарат агенттігі «IRNA» Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесін жариялады. Онда былай делінген: «Терорист, геноцид жасаушы, (Израиль) сионист режимнің демеушісі АҚШ-тың өзге елдерді айыптауға ешқандай құқығы жоқ». Сондай-ақ министрлік: «АҚШ пен сионистік режимнің Иран аумағына жасаған ортақ қылмыстарын ақтау мүмкін емес», - деді.

Израиль 13 маусымда Тегеранға шабуыл жасап, елдегі әскери, ядролық және азаматтық нысандарды, сонымен қатар жоғары лауазымды әскери қолбасшылар мен ядро саласының ғалымдарын нысанаға алған болатын.

ҚатыстыИзраиль Тегеранға бірнеше рет шабуыл жасады - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Тегеран жауап ретінде Израильге зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен соққы берді, ал АҚШ Иранның үш ядролық нысанын бомбалады. 12 күнге созылған қақтығыс 24 маусымда АҚШ қолдаған бітім келісімі арқылы аяқталды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Израиль мен Иран атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді

«Халықаралық әділдікке кедергі келтіру»

Иран Сыртқы істер министрлігі Вашингтонның Израильді жазасыз қалдырудағы рөлі үшін, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Израильге қарсы кез келген әрекетке тосқауыл қойып,  израильдік қылмыскерлерді қудалауға бағытталған халықаралық сот үдерісіне кедергі жасағаны үшін жауап беруі керектігін айтты.

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль шабуылдарынан 67 800-ден астам палестиналық қаза тапты. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Аймақтың басым бөлігі қирады. Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтату жөніндегі келісімнің алғашқы кезеңі жұма күні күшіне енді.

Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты