ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей бір аптада Украинаға жүздеген шабуыл жасады
Өткен аптада Украинаға шамамен 1 750 дрон, 1 530 басқарылатын бомба және 39 зымыранмен соққы берілген. Ал Ресей Украинаның соңғы шабуылы салдарынан адам шығыны болғанын мәлімдеді.
Ресей бір аптада Украинаға жүздеген шабуыл жасады
Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысының Велика Бабка ауылына Ресей соққы берді. Үш адам жарақат алды. / Reuters

Билік өкілдерінің хабарлауынша, Украинаның Запорожье облысының Ресей бақылауындағы оңтүстік бөлігіне түн ішінде жасалған украиналық ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылы салдарынан бір адам қаза тапқан.

Түнгі уақытта Ресейдің VK әлеуметтік желісінде жарияланған видеода өрт сөндірушілер дрон соққысына ұшырады деп хабарланған жанып жатқан тұрғын үйді сөндіруге тырысып жатқаны көрінеді.

Васильевка муниципалитетінің өкілі Наталья Романиченко Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігіне берген сұхбатында: «10-нан астам жаралы бар, ал түнде бір әйелдің мәйіті табылды», - деді.

Ресей болса Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысын нысынаға алған. Ресейдің Велика Бабка ауылына жасаған шабуылы салдарынан үш адам жараланды.

Украинаның Төтенше жағдайлар қызметі жексенбі күні Telegram арқылы жасаған мәлімдемесінде: «Ресей күштері кеше түнде төтенше жағдайлар қызметінің топтарын нысанаға алған шабуыл жасады», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Одесса мен Харьковты бомбалады

Мәлімдемеге сәйкес, алғашқы ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылы бір үйдің өртенуіне себеп болып, үш адамды жаралаған. Өртті сөндіруге жіберілген өрт сөндіру көлігіне Ресейдің екінші рет соққы берген. Украиналық билік «қосарланған шабуыл» деп атайтын мұндай шабуылдарда Ресей әуелі бір нысанаға соққы жасап, артынан қысқа уақыт ішінде сол жерге тағы бір шабуыл ұйымдастырып, көмек көрсету топтарын нысанаға алады.

Жұмадан сенбіге қараған түні Ресейдің Украинаға зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасаған шабуылы салдарынан 12 адам қаза тапты. Ал Ресей зымыраны бес қабатты тұрғын үйге тиген Харьков қаласында кемінде 10 адам көз жұмды.

Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні әлеуметтік желідегі жазбасында Ресей өткен аптада Украинаға шамамен 1 750 дрон, 1 530 басқарылатын бомба және 39 зымыранмен соққы бергені хабарланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда
Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді