ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
«The Wall Street Journal» басылымының аты-жөні атамаған дереккөздеріне сүйенсек, Біріккен Араб Әмірліктері сәуір айының басында Иранның Лаван аралындағы мұнай өңдеу зауытына соққы жасаған. Бұл шабуылдың АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы кезін
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған / AP

Дүйсенбі күні жарияланған мақалаға сәйкес, Біріккен Араб Әмірліктері АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жалғасып жатқан соғысы кезінде Иран аумағына қарсы бірқатар жасырын шабуыл ұйымдастырған.

Басылымның мәліметінше, нысаналардың бірі Лаван аралындағы мұнай өңдеу зауыты болған. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен бітім жариялауға дайындалып жатқан тұста, сәуірдің басында жасалған бұл шабуыл ірі өртке себеп болып, зауыттың жұмысын тоқтатқан.

Иран бұған жауап ретінде Біріккен Араб Әмірліктері мен Кувейтке баллистикалық зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшырған. Дереккөздердің бірі АҚШ-тың бұл шабуылды құптағанын айтты.

Газеттің ақпаратына сйкес, Иран Біріккен Араб Әмірліктерін көбірек нысанаға алып, 2 800-ден астам зымыран және дрон шабуылын жасаған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Парсы шығанағындағы АҚШ нысандарына 5 400-ден астам шабуыл жасады

Шабуылдар БАӘ экономикасына елеулі зиян келтіріп, қысқартуларға, ақысыз демалыстарға және елдің стратегиялық көзқарасының түбегейлі өзгеруіне себеп болды.  

Аты-жөнін атамаған Парсы шығанағы елдерінің шенеуніктері Иранның енді Біріккен Араб Әмірліктерінің шетелдік жұмыс күшіне, сондай-ақ қауіпсіздік пен тұрақтылыққа негізделген экономикалық және әлеуметтік моделіне нұқсан келтіруге тырысатын «бұзақы мемлекет» ретінде қабылданатынын мәлімдеген.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпарат туралы газеттің сұрағына жауап бермеген. Алайда дұшпандық әрекеттерге жауап қайтару құқығын атап өткен мәлімдемеге сілтеме жасаған.

Таяу Шығыс жөніндегі сарапшы Дина Эсфандияридің айтуынша, Парсы шығанағындағы араб елдерінің бірінің Иранға тікелей соққы жасауы  ̶  маңызды оқиға. Енді Тегеран соғысты тоқтату үшін араағайын болуға тырысқан Біріккен Араб Әмірліктері мен басқа да Парсы шығанағы елдерінің арасына одан әрі жік салуға ұмтылады.

Іздеу
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Босфор бұғазы арқылы 9 мың 195 кеме өтті
Түркия Пәкістандағы террорлық шабуылды қатаң айыптады
Сирек вирус америкалық азаматқа да жұққан
Ішкі істер министрі Чифтчи Түркия-Моңғолия отырысына қатысады
Израиль күштеп ұстаған екі белсенді босатылды
Иран президенті: “Диалог ұлттық мүддені қорғауға қызмет етеді”
Хантавирус анықталған кемедегі 3 түрік азаматы Түркияға жеткізіледі
Сыртқы істер министрі Фидан Хамас делегациясымен кездесті
Президент Ердоған «Аналар күнімен»  құттықтады
Трамп Ресей мен Украина арасында уақытша бітім жариялады, қос тарап бұл ақпаратты растады
АҚШ Конгресінің 30 депутаты Рубиоға Израильдің ядролық әлеуеті туралы сұрақ жолдады
Израиль атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзды
Сауд Арабиясы әуе кеңістігін әскери операциялар үшін пайдалануға рұқсат бермегенін мәлімдеді
Дрон шабуылынан Ресейдің оңтүстігіндегі 13 әуежайдың жұмысы тоқтап қалды
Түрік қорғаныс компаниялары үш күнде 8 млрд долларлық экспорт келісімін жасасты