САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ–Иран келісімі ресми мәртебе алды
АҚШ президенті Дональд Трамп 28 ақпаннан бері жалғасып жатқан соғысты тоқтатуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын мәлімдеді.
АҚШ–Иран келісімі ресми мәртебе алды
АҚШ-Иран өзара түсіністік меморандумына қол қойды. (Сурет: Grok) / Public domain

Ирандық және америкалық ресми тұлғалар сәрсенбі күні өзара түсіністік туралы меморандумға (MOU) ресми түрде қол қойылғанын растады. БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сәйкес, Трамп бұл құжатқа Франция президенті Эммануэль Макронмен Версаль сарайындағы кешкі ас кезінде жеке өзі қол қойған.

АҚШ президенті Дональд Трамп 28 ақпаннан бері жалғасып жатқан соғысты тоқтатуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын мәлімдеді.

Президенттік кортежге отырар алдында келісім туралы сұраққа жауап берген Трамп журналистерге: «Қол қойылды. Жаңа ғана Версальда қол қойдым», – деді.

Трамптың бұл мәлімдемесі екі ел басшысы құжатқа қол қойғаннан кейін Иранның АҚШ-пен жасалған 14 тармақтан тұратын меморандумның ресми түрде аяқталғанын жариялауынан кейін жасалды.

Иранның жартылай ресми Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бекаи бейсенбі күні таңертең «Исламабад меморандумы» Тегеран мен Вашингтон қол қойғаннан кейін толық заңды күшіне енгенін айтты.

Бекаи келісімнің цифрлық түрде де қол қойылатынын айтып, меморандум аясындағы келіссөздердің тек ядролық мәселелер мен санкцияларды жеңілдетуге бағытталатынын растады.

Оның айтуынша, мәселелердің күрделілігіне байланысты қажет болған жағдайда келіссөздер мерзімі ұзартылуы мүмкін. Екі тараптың келіссөздері 60 күнге дейін жалғасады деп жоспарланған.

Сондай-ақ Бекаи Израильдің Бейруттың оңтүстік маңына жасаған шабуылдарынан кейін өткен шұғыл келіссөздерден соң АҚШ-тың теңіз блокадасын алып тастау жөніндегі міндеттемелерін іс жүзінде орындай бастағанын мәлімдеді.

Ол ирандық кемелердің қазірдің өзінде порттарға еш кедергісіз кіріп-шығып жатқанын айтып, мұны АҚШ міндеттемелерінің орындала бастағанының белгісі ретінде қарастырды.

Бекаи Иранның Ормуз бұғазына қатысты міндеттемелері меморандумға қол қойылып, оны іске асыру басталғаннан кейін күшіне енетінін хабарлады.

Америкалық Axios жаңалықтар сайтының мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп келісімнге Версаль сарайында Франция президенті Эммануэль Макронмен кешкі ас кезінде жеке өзі қол қойған.

Сондай-ақ қол қойылған құжаттың фотосуреті ирандық тарапқа және араағайын елдерге жіберілгені хабарланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды