ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Уиткофф: «Украинадағы соғысқа қатысты келіссөздерде маңызды ілгерілеу байқалды»
АҚШ өкілі Стив Уиткофф: «Трамптың бұл соғыстың тараптарын бір үстел басына жинаудағы табысы елеулі ілгерілеуге жол ашты. Осы сұмдық қақтығыста адам шығынын тоқтату үшін оның басшылығымен жұмыс істеп жатқанымызға мақтанамыз».
Уиткофф: «Украинадағы соғысқа қатысты келіссөздерде маңызды ілгерілеу байқалды»
Уиткофф: «Украинадағы соғысқа қатысты келіссөздерде маңызды ілгерілеу байқалды» / Reuters

АҚШ елшісі Стив Уиткофф Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің Вашингтон жетекшілік еткен соғысты тоқтату күш-жігерінде елеулі ілгерілеу әкелгенін және екі тараптың Женевада келіссөздердің екінші күніне кірісетінін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні «X» желісінде жазба жариялаған Уиткофф: «Президент Трамптың бұл соғыстың екі тарабын бір үстел басына жинаудағы табысы маңызды ілгерілеуге әкелді. Осы қорқынышты қақтығыста адам шығынын тоқтату үшін оның жетекшілігімен жұмыс істеп жатқанымызға мақтанамыз. Екі тарап та өз көшбасшыларын хабардар етіп, келісімге қол жеткізу бағытында жұмысты жалғастыруға келісті», -  деп жазды.

Украиналық және ресейлік делегация АҚШ-тың араағайындығымен Женевада өтетін бейбіт келіссөздердің екінші кезеңін сәрсенбі күні жалғастыруы мүмкін. Алайда тараптар Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Еуропадағы ең ауқымды қақтығыстың тоқтатылуына байланысты нақты белгі берген жоқ.

ҚатыстыTRT Қазақ - Женевада Ресей–Украина келіссөздері өтуде

Бұл келіссөз жүздеген мың адамның қаза табуына, миллиондаған адамның босқынға айналуына және Украинаның шығысы мен оңтүстігінің үлкен бөлігінің қирауына себеп болған соғысты тоқтатуға бағытталған соңғы дипломатиялық әрекеттердің бірі.

АҚШ шамамен төрт жылға созылған бұл соғысты аяқтау үшін қысым жасап келеді, алайда Мәскеу мен Киев арасында аумақтық мәселелер бойынша әлі келісімге қол жеткізілген жоқ.

Бұған дейін тараптар арасында Абу-Дабиде өткен екі кездесу де айтарлықтай серпіліс әкелмеген еді.

«Олардың қалауы не?»

Ресей делегациясына жақын дереккөз аты-жөнін жарияламау шартымен «AFP» агенттігіне берген сұхбатында соңғы келіссөздің өте шиеленісті өткенін айтты. Оның сөзінше келіссөз алты сағатқа созылған.

Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдесінде соғысты аяқтауға тұрарлық келісімге дайын екенін мәлімдеп, Ресейдің бейбітшілікке қатысты ниетінің шынайылығына күмән келтірді. Ол Ресейді нақты дипломатиядан гөрі зымырандық шабуылдарға басымдық беріп отыр деп айыптап, «Олардың қалауы не?» деген сұрақ қойды.

Ресейдің 2022 жылдың ақпанында Украинаға қарсы бастаған ауқымды соғысынан көптеген қала қирады.

Женевадағы келіссөз үшін Кремль ұлтшыл, әрі соғысқа жақтас, бұрынғы мәдениет министрі Владимир Мединскийді бас келіссөз жүргізуші ретінде қайта тағайындады.

Украина тарапынан делегацияны Ұлттық қауіпсіздік хатшысы Рустем Умеров басқаруда. Ол келіссөздердің сәрсенбі күні жалғасатынын айтты.

Умеров Вашингтонға араағайындық жасағаны үшін алғыс білдіріп, келіссөздің алғашқы кезеңінің нәтижелері туралы еуропалық одақтастарына ақпарат бергенін жеткізді. Оның айтуынша, келіссөз қақтығысқа қатысты практикалық мәселелер мен ықтимал шешімдердің механизмдеріне бағытталған.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті