ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Түркия бірлескен мәлімдеме жариялады
Бірлескен мәлімдемеде 1967 жылдан бері басып алынған Палестина аумақтарының, соның ішінде Шығыс Иерусалимнің демографиялық құрылымы мен мәртебесін қайта қалыптастыруға бағытталған Израиль шараларының қабылданбайтыны айтылған.
Түркия бірлескен мәлімдеме жариялады
Түркия бірлескен мәлімдеме жариялады / AA
24 Ақпан 2026

Түркия, Араб мемлекеттері лигасы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және тағы 18 ел басып алынған Батыс Шериядағы Израильдің заңсыз бақылауын түбегейлі кеңейтетін бірқатар соңғы шешімді қатаң айыптады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Израильдің Батыс Шериядағы қадамдарын айыптады

Түркия, Бразилия, Франция, Испания, Сауд Арабиясы және өзге де елдердің Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Араб лигасы дүйсенбі күні жариялаған ортақ мәлімдемеде енгізілген өзгерістердің ауқымды екені атап өтілді. Онда Палестина жерін Израильдің «мемлекеттік жері» ретінде тану, заңсыз қоныстану әрекеттерін жеделдету және Израиль әкімшілігінің бақылауын одан әрі күшейту қарастырылғаны көрсетілген.

Сыртқы істер министрлері Израиль қоныстарын халықаралық құқықтың айқын бұзылуы деп бағалап, бұған дейінгі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары мен Халықаралық соттың 2024 жылғы консультативтік қорытындысын мысалға келтірді.

Мәлімдемеде соңғы шешімдер құрлықтағы жағдайды өзгертуге және аннексияны ілгерілетуге бағытталған айқын үрдістің бір бөлігі екені атап өтіліп, мұндай қадамдар өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіріп, аймақтық ықпалдастық мүмкіндіктеріне қауіп төндіретіні ескертілді.

Сыртқы істер министрлері Израиль үкіметін бұл шешімдердің күшін жоюға шақырып, халықаралық міндеттемелерін орындауға және басып алынған Палестина аумақтарының құқықтық және әкімшілік мәртебесін өзгертуге бағытталған әрекеттерден бас тартуға үндеді.

Сондай-ақ мәлімдемеде бұл шешімдердің «Е1» жобасының мақұлдануы және тендерінің жариялануымен қатар Израильдің қоныстану саясатының ілгерілегені айтылып, мұндай әрекеттер Палестина мемлекетінің өміршеңдігіне және екі мемлекет шешімін жүзеге асыруға бағытталған қасақана, әрі тікелей соққы ретінде бағаланды.

Осы тұрғыда Сыртқы істер министрлері 1967 жылдан бері басып алынған Палестина аумағының, соның ішінде Шығыс Иерусалимнің демографиялық құрылымын, сипатын және мәртебесін өзгертуге бағытталған барлық шараларды қабылдамайтынын мәлімдеп, кез келген аннексияға қарсы екендерін растады.

Қоныстанушылар тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату

Мәлімдемеде Батыс Шериядағы алаңдатарлық ушығуды ескере отырып, Израиль палестиналықтарға қарсы қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға және кінәлілерді жауапқа тартуға шақырылғаны атап өтілді. Сыртқы істер министрлері әсіресе Рамазан айында Иерусалим мен қасиетті орындардың тарихи, әрі құқықтық мәртебесін сақтаудың маңызын ерекше атап өтіп, қайталанып отырған құқық бұзушылықтар өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіретінін мәлімдеді.

ҚатыстыСмотрич Газада және оккупацияланған Батыс Шерияда этникалық тазалау жоспарын ұсынды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Мәлімдемеде «Палестина аумағындағы заңсыз қоныстардың кеңеюіне, күштеп көшіру саясатына және аннексия қаупіне қарсы халықаралық құқыққа сәйкес нақты қадам басу жөніндегі табандылығымызды тағы да растаймыз», - делінген.

Сондай-ақ Израильге 1994 жылғы Париж хаттамасына сәйкес Палестина әкімшілігіне тиесілі салықтарды дереу қайтару жөнінде үндеу жасалды. Бұл қаражаттың Газа мен басып алынған Батыс Шериядағы палестиналықтарға негізгі қызметтер үшін өмірлік маңызы бар екені атап өтілді.

Сыртқы істер министрлері әділ, жан-жақты және тұрақты бейбітшілікке деген берік ұстанымдарын қайталады. Мәлімдемеде Израиль-Палестина қақтығысын 1967 жылдың 4 маусымында қабылданған шекара негізінде, Араб бейбітшілік бастамасы мен БҰҰ-ның тиісті қарарларына сәйкес екі мемлекет шешімі аясында реттеу Таяу Шығыстағы бейбітшілік, тұрақтылық және ықпалдастық үшін шешуші мәнге ие екені айтылды.

Құжатта «Аймақ халықтары мен мемлекеттерінің қатар өмір сүруі тек тәуелсіз, егемен, әрі демократиялық Палестина мемлекеті құрылған жағдайда ғана мүмкін болады», – делінген.

ҚатыстыИзраиль агенттері палестиналықтарды күштеп тұтқындады - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
Бесінші Анталия дипломатиялық форумы 17–19 сәуірде өтеді
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Бурханеттин Дуран: «НАТО заманауи құрылымдық соғыс қаупіне қарсы қайта қалыптасуы тиіс»
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
Ормуз бұғазына балама бағыт: Түркия Сауд Арабиясымен транзиттік сауданы бастады
Түркияның НАТО-дағы рөлінің артуы Израильді неге мазасыздандырады?
Президент Ердоған христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады
Украина президенті Зеленский Түркия Сыртқы істер министрі Фиданмен бірге Дамаскіге барды
Ердоған НАТО Бас хатшысымен сөйлесіп, Ирандағы геостратегиялық тығырық туралы ескертті
Президент Ердоған әлемде су дағдарысының күшею қаупі туралы білдірді
Түркиядан маңызды ескерту: «Таяу Шығыстағы соғыс аймаққа таралуы мүмкін»
Президент Ердоған: «Иранға қарсы «заңсыз соғысқа» Израиль жауапты»