САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Президент Зеленский : “Донбасстан шегіну Украина мен Еуропаны әлсіретеді”
Киев ұзақ мерзімді қауіпсіздік кепілдіктері үшін шығыстағы аумақтарын беруге қатысты Вашингтонның қысымына ұшырап отыр.
Президент Зеленский : “Донбасстан шегіну Украина мен Еуропаны әлсіретеді”
Зеленский Киев қауіпсіздік кепілдіктері үшін шығыстағы аумақтарын беруге қатысты Вашингтонның қысымына ұшырап отырғанын хабарлады. (МҰРАҒАТ) / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский “Reuters” агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Украинаға ұсынған қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі ұсынысын Киевтің Донбасстың шығыс бөлігін толықтай Ресейге беруімен байланыстырып отырғанын айтты.

Зеленский Вашингтон 2022 жылы басталған соғыстың тезірек аяқталуын қалайтындықтан Украинаға қысым жасап отырғанын, ал Таяу Шығыстағы соғыс АҚШ-тың басымдықтарына әсер еткенін жеткізді.
Ол: «Таяу Шығыс Трампқа сөзсіз әсер етіп отыр… соған қарамастан ол Украина жағына бұрынғыдан да көбірек қысым жасау стратегиясын таңдауда»,
- деді.

Биыл АҚШ, Ресей және Украина Абу-Даби мен Женевада үш рет үшжақты келіссөз өткізді.

Зеленский Украинаға әскери қажеттіліктерді кім қаржыландыратыны және одақтастардың болашақтағы Ресей агрессиясына қалай жауап беретіні секілді екі негізгі мәселенің әлі шешілмегенін айтты.
Ол: «Америкалықтар Украина Донбасстан шегінуге дайын болған жағдайда бұл кепілдіктерді жоғары деңгейде түпкілікті рәсімдеуге әзір», — деді.

Ресей Донбассты толық бақылауға алу оның соғыстағы негізгі мақсаттарының бірі екенін айтып келеді. Алайда сарапшылар бұл бағыттағы ілгерілеу баяу жүріп жатқанын айтады.

Зеленский мұндай шегіну Украина мен Еуропаны әлсірететінін ескертіп, «Америка тарапы біздің елдің шығыс бөлігі қауіпсіздік кепілдіктеріміздің ажырамас бөлігі екенін түсінсе екен деймін», — деп мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда

Келіссөздер белгісіз күйде

Ирандағы соғысқа байланысты келіссөздердің төртінші кезеңі кейінге шегерілді.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей келіссөздер тығырыққа тірелген жағдайда Вашингтон қызығушылығын жоғалтады деп есептейді. Осыған байланысты ол негізгі мәселелерді шешу үшін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен саммит өткізуді ұсынды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Харьков облысындағы шабуылда үш бала қаза тапты
Іздеу
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым