ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі Германияда 33 жыл бұрын жасалған Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды.
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық ғимараты, Анкара (АА, Мұрағат)

Министрліктің “Nsosyal” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған жазбада 33 жыл бұрынғы нәсілшіл Золинген шабуылында қаза тапқан 5 азамат құрметпен еске алынды.

Министірлік: «Шабуылда отбасы мүшелерінен айырылғанына қарамастан, сабырға шақыруымен үлгі боларлық ұстаным танытқан, 2022 жылы өмірден өткен данагөй ана Мевлүде Генчті де осы орайда тағы бір мәрте құрметпен әрі ризашылықпен еске аламыз», - деді.

Сондай-ақ Түркияның күшейіп келе жатқан нәсілшілдікке, шетелдіктерге өшпенділікке және исламға қарсы көзқарастарға қарсы күресін барлық алаңда табандылықпен жалғастыратыны атап өтілді.

Золинген қасіреті

Германияның Золинген қаласында 1993 жылғы 29 мамырда Генч отбасының Унтере Вернер көшесіндегі үйі өртелген болатын. Бұл шабуыл салдарынан Гүрсүн Индже (28), Гүлістан Өзтүрік (12), Хатидже (19), Хүлия (9) және Саиме Генч (5) қаза тапты.

Ұсталған қылмыскерлер Маркус Гартманн, Феликс Көнен, Кристиан Рехер және Кристиан Буххольц түрме жазасын өтегеннен кейін босатылды. Жеке деректері өзгертіліп, құпия сақталған шабуылшылар өмірін Германияда жалғастырып келеді.

Нәсілшілдік негіздегі шабуылда 5 жақынынан айырылса да, жылдар бойы түрік және неміс қоғамдарының бірлігі мен ынтымағына үндеген Мевлүде Генч 2022 жылғы 30 қазанда өмірден өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Нәсілшілдік пен исламға өшпенділік – адамзатқа төнген ең үлкен қатер”
Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді