САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп: «АҚШ–Иран келісімі мен Ормуз бұғазының ашылуы келесі аптада жүзеге асуы мүмкін»
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ықтимал бейбіт келісімнің әскери жеңістен де құнды екенін айтып, дипломатия қиын жол болғанымен, оның нәтижесі анағұрлым тұрақты болатынын мәлімдеді.
Трамп: «АҚШ–Иран келісімі мен Ормуз бұғазының ашылуы келесі аптада жүзеге асуы мүмкін»
АҚШ президенті Дональд Трамп / AFP

Трамп Иранмен бітімді ұзарту және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта жандандыру жөніндегі келісімге келесі аптада қол жеткізуге болатынын айтты.

«ABC News» арнасына берген сұхбатында ол: «Үдеріс оң бағытта ілгерілеп жатыр, жағдай өте жақсы. Бүгін біраз кедергі болды, бірақ оны өте жылдам еңсердік», – деді. Трамптың айтуынша, бұл мәселе ирандықтардың Израильдің Ливан аумағына жасаған шабуылдарына наразылығынан туындаған.

«Хезболла өкілдерімен сөйлесіп, оқ атпауды сұрадым. Сондай-ақ Биби яғни Беньямин Нетаньяхумен сөйлесіп, атысты тоқтатуды өтіндім. Нәтижесінде екі тарап та қақтығысты тоқтатты», – деді АҚШ президенті.

Трамп Иранмен жасалатын бейбіт келісімнің әскери жеңістен де маңызды екенін атап өтті.

Ал бітімді ұзарту туралы келісім мен бұғазды қайта ашуға қатысты меморандумның қашан рәсімделетіні жөнінде ол: «Келесі аптада болуы мүмкін. Өйткені әлі де бірнеше мәселені пысықтауым керек», – деді.

«Бейрутқа әскер жіберілмейді»

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Хезболла өкілдерімен нәтижелі келіссөз жүргізгенін мәлімдегеннен кейін, Ливан тарапы Хезболланың Израильге шабуыл жасамауы шартымен Израильдің де Бейруттің оңтүстігіне бағытталған соққыларын тоқтатуға келіскенін хабарлады.

Бұған дейін Израиль Ливан астанасының оңтүстік аудандарына қайтадан соққы беруі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Израильдің Ливандағы әскери операциялары, соның ішінде жаппай әуе шабуылдары АҚШ пен Иран арасындағы бітімнің бұзылу қаупін күшейткен еді.

Беньямин Нетаньяхумен болған өте нәтижелі әңгімеден кейін Трамп «Truth Social» желісінде: «Бейрутқа әскер жіберілмейді. Жолға шыққан әскери күш кері қайтарылды. Хезболламен жоғары деңгейдегі өкілдер арқылы өте нәтижелі келіссөз жүргіздік. Олар қақтығыстарды тоқтатуға келісті. Израиль оларға шабуыл жасамайды және олар да Израильге шабуылдамайды», – деп жазды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Рубио Израиль-Ливан қақтығысын тоқтату үшін жоспар ұсынды
Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты