ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Алжир Францияның отаршылдық саясатын қылмыс деп таныды
Франция президенті Эммануэль Макрон бұған дейін Алжирдің отарлануын «адамзатқа қарсы қылмыс» деп мойындағанымен, ресми түрде кешірім сұраудан бас тартқан болатын.
Алжир Францияның отаршылдық саясатын қылмыс деп таныды
Алжир Францияның отаршылдық саясатын қылмыс деп таныды / AP

Алжир парламенті Алжирдің Франция тарапынан отарлануын қылмыс деп танитын және ресми кешірім мен өтемақы талап ететін заңды бірауыздан қабылдады.

Депутаттар отырыс кезінде мемлекеттік ту түстес шарфтар тағып, заң жобасының қабылдануын қол шапалақтап қарсы алды және «Жасасын Алжир!» деп ұрандатты. Заң жобасында Францияның Алжирдегі отаршылдықтың өткені мен отаршылдық қасіретіне Францияның құқық алдында жауап беруі керек екені атап көрсетілген.

Парламент төрағасы Брахим Бугали дауыс беру алдында «APS» мемлекеттік ақпарат агенттігіне бұл заң Алжирдің ұлттық жадын өшіру мүмкін еместігін және ол ешқашан саудаланбайтынын ашық  жеткізетінін айтты.

Аталған заңда ядролық сынақ, сотсыз жазалау, зорлық-зомбылық пен  психологиялық азаптау, ел ресурстарын жүйелі түрде тонау сияқты француз отаршылдығының қылмыстары тізбектеліп көрсетілген.

Заңда сондай-ақ «француз отаршылдығы салдарынан келтірілген барлық материалдық және моральдық зиян үшін толық әрі әділ өтемақы алу ˗ Алжир мемлекеті мен халқының құқығы» екені нақты жазылған.

Адамзатқа қарсы қылмыс

Францияның 1830 жылдан 1962 жылға дейін Алжирді басқарғаны ˗ екі ел арасындағы қарым-қатынаста әлі де негізгі мәселе.

Бұл кезең қырғын және депортациялармен, сондай-ақ 1954 және 1962 жылдар аралығындағы қанды тәуелсіздік соғысымен ерекшеленеді.

Алжир соғыста 1,5 миллион адам қаза тапты деп мәлімдесе, француз тарихшылары жалпы өлім санын 500 000 деп бағалады (оның 400 000-ы алжирліктер).

ҚатыстыTRT Қазақ - Алжир француз тілінің орнына араб және ағылшын тілін қолдана бастады

Франция президенті Эммануэль Макрон бұған дейін Алжирді отарлауды «адамзатқа қарсы қылмыс» деп таныған, бірақ ресми түрде кешірім сұраудан бас тартқан.

Өткен апта Франция Сыртқы істер министрлігінің өкілі Паскаль Конфавре дауыс беруге қатысты тілшілерге «шетелдегі саяси пікірталастар» туралы түсініктеме бермейтінін айтты.

Іздеу
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті