ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Алжир француз тілінің орнына араб және ағылшын тілін қолдана бастады
Алжир Футбол федерациясы барлық бірлестіктеріне ресми хат-хабарларында мүмкіндігінше тезірек араб тілін қолдануды тапсырды.
Алжир француз тілінің орнына араб және ағылшын тілін қолдана бастады
/ AP

Франциямен арадағы шиеленістің күшеюіне байланысты Алжир мекемелері ресми және әкімшілік құжаттар мен байланыстарда француз тілінен ресми түрде бас тартып, оның орнына араб және ағылшын тілдерін таңдауда.

Бейсенбі күні жасалған мәлімдемеде елдің Футбол федерациясы өзіне қарасты барлық бірлестіктерге қызметін, хат-хабарын және байланысын «арабшаландыруды» тапсырғанын хабарлады.

Федерацияның бас хатшысы Назир Познад қол қойған 7 мамырдағы ресми хатта тәртіптік комитеттердің хаттамалары мен есептері, төреші тағайындаулары және апелляциялық комитеттің құжаттары араб тіліне аударылуға тиіс екені, сондай-ақ түрлі мекеме мен серіктестермен жазысатын барлық хаттарда мүмкіндігінше тезірек араб тілі қолданылуы міндетті екені айтылған.

Мәлімдемеде бұл «арабшаландыру» үдерісі 2025–2026 спорт маусымына дейін толық жүзеге асырылатыны көрсетілген.

"Дұрыс шешім"

Бұл қадам Алжирдің университеттердегі медицина білімінің тілін келесі оқу жылынан бастап француз тілінен ағылшын тіліне ауыстыру туралы шешімімен тұспа-тұс келіп отыр.

Өткен ай Алжир президенті Абделмаджид Теббун медицина саласында француз тілінен ағылшын тіліне көшу «дұрыс шешім» екенін айтып, бұл өзгерісті қолдайтынын білдірген.

Алжир мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастар, әсіресе 1830–1962 жылдар аралығында Францияның Алжирді отарлауынан туындаған шешілмеген мәселелерге байланысты, үнемі тұрақсыздықпен сипатталып келеді.

Францияның Ішкі істер министрі Брюно Ретайо Алжирдің мектептерде француз тілінің орнына ағылшын тілін қолдануға ұмтылуын жалғасып жатқан дағдарыстың себептерінің бірі деп атады.

Сарапшылардың пікірінше, Алжир француз тілінен бас тарту үдерісін 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүргізіп келеді.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті