ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
ЕО-да уақытша қорғаудағы украиналықтар саны 4,41 миллионға жетті
Украинадан қашып, Еуропалық Одақта уақытша қорғау мәртебесін алған адам саны маусым айының соңында 4,41 миллионға жетті. Олардың басым бөлігі Германияда тұрады.
ЕО-да уақытша қорғаудағы украиналықтар саны 4,41 миллионға жетті
МҰРАҒАТ: Көршілес Украинадағы қақтығыстан қашқан адамдар Польшаның Пшемысль қаласына келді. /AP

“Eurostat” сейсенбі күні таратқан мәлімдемесінде уақытша қорғаудағы украиналықтардың саны 2026 жылғы мамыр айының соңымен салыстырғанда 0,6 пайыз артқанын хабарлады.

Германия 1,28 миллион Украина азаматын қабылдап, ЕО елдері арасында бірінші орынға шықты. Бұл ЕО-дағы жалпы көрсеткіштің 29,2 пайызын құрайды.

Осы кезеңде уақытша қорғаудағы адам саны ЕО-ға мүше 27 елдің 24-інде артты.

Маусым айының соңындағы мәлімет бойынша, ЕО аумағында уақытша қорғау мүмкіндігінен пайдаланушылардың 98,5 пайыздан астамын Украина азаматтары құрады.

Ересек әйелдер уақытша қорғаудағы адамдардың 43,4 пайызын, ересек ерлер 27 пайызын, ал кәмелетке толмағандар 29,6 пайызын құрады.

Уақытша қорғау мәртебесі соғыс салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болған адамдардың жаппай келуіне байланысты 2022 жылы наурыз айында қабылданған ЕО Кеңесінің атқарушылық шешімі негізінде беріледі.

Еуропалық кеңес 2025 жылғы маусымда қоныс аударуға мәжбүр болған адамдарға берілетін уақытша қорғау мерзімін 2027 жылғы наурызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

ҚатыстыTRT Қазақ - ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Іздеу
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”