ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Үндістан мен БАӘ байланыстарын нығайтпақ
Біріккен Араб Әмірліктері президентінің жоғары деңгейдегі қысқа сапары барысында Жаңа-Дели сұйытылған табиғи газды (LNG) жеткізу жөніндегі маңызды келісімді бекітіп, екі тарап та сауда және қауіпсіздік саласындағы байланыстарды тереңдетуге келісті.
Үндістан мен БАӘ байланыстарын нығайтпақ
БАӘ президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Жаңа-Дели әуежайында Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен бірге жүріп келеді. 2026 ж 19 қаңтар / Reuters

Үндістан Біріккен Араб Әмірліктерінен LNG сатып алу үшін 3 миллиард доллар көлеміндегі келісімге қол қойды. Осылайша Үндістан БАӘ-нің ең ірі тұтынушысына айналды. Екі ел басшылары сауда мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады.

Келісім дүйсенбі күні БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Үндістанға жасаған екі сағаттық қысқа сапары кезінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен өткен кездесуде жасалды. Екі көшбасшы алдағы алты жыл ішінде екіжақты сауда көлемін 200 миллиард долларға жеткізуге уәде беріп, стратегиялық қорғаныс әріптестігін құру жөнінде келісті.

Компаниялардың хабарлауынша, Абу-Дабиге тиесілі “ADNOC Gas” Үндістанның “Hindustan Petroleum Corp.” компаниясына 10 жыл бойы жылына 0,5 миллион метрлік тонна LNG жеткізетін болады.

Стратегиялық қорғаныс әріптестігі

БАӘ — Үндістанның үшінші ірі сауда серіктесі. Шейх Мұхаммед Үндістанға қорғаныс және сыртқы істер министрлерін қамтыған үкіметтік делегациямен келді. Үндістан Сыртқы істер министрлігінің хатшысы Викрам Мисри журналистерге тараптардың стратегиялық қорғаныс әріптестігін қалыптастыру бағытында жұмыс істеу меморандумына қол қойғанын айтты.

Пәкістан өткен жылы Сауд Арабиясымен өзара қорғаныс келісіміне қол қойған болатын. Ал өткен аптада пәкістандық министр Пәкістан, Түркия және Сауд Арабиясы арасында үшжақты қорғаныс келісімінің жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы қорғаныс келісімін дайындауда

Ұзақ жылдар бойы жақын одақтас болған Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері соңғы уақытта өңірлік саясат мәселелерінде алшақтай түсті. Бұл айырмашылық әсіресе Йемендегі жағдайдан байқалып, екі ел арасында мұнай өндіру көлемі бойынша да келіспеушіліктер туындады.

Алайда Викрам Мисри ниет туралы меморандумға қол қою Үндістанның өңірлік қақтығыстарға араласатынын білдірмейтінін атап өтіп, «Өңірдегі қандай да бір елмен қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығымыз міндетті түрде сол өңірдегі нақты қақтығыстардың біріне тарап боламыз дегенді білдірмейді», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Аустралия мен Үндістан қорғаныс келісіміне қол қойды
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті