Ресей Одесса мен Харьковты бомбалады

Мемлекеттік төтенше жағдайлар агенттігі Харьков облысында ұшқышсыз аппарат шабуылынан кейін бір әйел мен 10 жастағы баланың мәйіттері табылғанын хабарлады.

By
2026 ж 8 ақпандағы бұл мұрағат фотосуретінде Украинаның Краматорск қаласында Ресейдің әуе шабуылынан зақымданған үйден ана мен қызы шығып барады. / AA

Украина билігінің мәліметінше, түн ішінде Одесса мен Харьковқа жасалған Ресей шабуылдары салдарынан кемінде үш адам қаза тапқан.

Қалалық әскери әкімшілік басшысы Сергий Лысактың айтуынша, Иранда жасалған ұшқышсыз аппараттар оңтүстіктегі портты қала Одессаны нысанаға алып, өртке себеп болды, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлер мен газ құбырына зақым келтірді.

Облыс губернаторы Олег Кипер қаланың «ауқымды шабуылға» ұшырағанын айтып, өрттің болғанын растады, алайда адам шығыны мен материалдық залал туралы нақты мәлімет бермеді.

Бейбіт келіссөзге қарамастан бомбалау жалғасуда

Солтүстіктегі Харьков облысында мемлекеттік төтенше жағдай агенттігі дрон шабуылынан кейін бір әйел мен 10 жастағы ұл баланың мәйіті табылғанын хабарлады.

Агенттік “Telegram”-да жариялаған хабарламасында «Үш адам жараланды», - деп жазды.

Ресей АҚШ қолдаған келіссөздерге қатысып жатқанымен, Украинаға шабуылдарын жалғастыруда. Бұл соғыс- Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Еуропадағы ең қанды қақтығыс.