ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Зеленский бірнеше мәселе бойынша Путинмен кездесуге дайын
Ресей–Украина арасындағы бейбіт келіссөздер жалғасуда, Украина сыртқы істер министрі Андрей Сыбига Запорожье атом электр станциясының жұмысы мен аумақтық мәселелердің әлі де шешілмегенін мәлімдеді.
Зеленский бірнеше мәселе бойынша Путинмен кездесуге дайын
Украина президенті Владимир Зеленский Литваның Вильнюс қаласындағы Президент сарайында өткен баспасөз конференциясында. 2026 ж 25 қаңтар, жексенбі. / AP

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сыбига президент Владимир Зеленскийдің шамамен төрт жылға созылған соғысты тоқтатуға бағытталған 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспары аясындағы «ең сезімтал» мәселелерді талқылау үшін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін айтты.

Сейсенбі күні украиналық “Европейская правда” онлайн басылымына берген сұхбатында Сыбига Украинаның қараша айынан бері талқыланып келе жатқан бейбітшілік жоспарын келісімге қол жеткізілген жағдайда қол қоюды көздейтінін айтып, алайда әсіресе аумақтар мен Запорожье атом электр станциясын пайдалану сияқты «ең сезімтал» мәселелердің әлі шешілмегенін атап өтті.

«Президент Зеленскийдің Путинмен кездесуге және бұл мәселелерді талқылауға дайын болуының басты себебі де дәл осы түйткілдер», - деген Сыбига Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу қажет емес екенін айтты.

Сыбига келіссөздерге Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де кіретін арнайы делегациялар қатысып жатқанын айтып, «қосымша арналар құрудың уақыты емес, әрі бұл артық» деп мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей зымырандары Украинадағы тұрғын үйлерді нысанаға алды

Өткен аптада БАӘ астанасы Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ арасындағы кездесуге қатысты пікір білдірген Сыбига қақтығысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерде ілгерілеу бар екенін, сондықтан үшжақты форматтағы кездесулер өткенін айтты.

Сыбига Абу-Дабиде екіжақты кездесулердің де болғанын растады. Ол келіссөздерді «өте күрделі» деп сипаттай отырып, байланыстардың «табанды» түрде жүріп жатқанын атап өтті.

Екі тараптың әскери өкілдері қатысатын жеке келіссөз арнасы бар екенін айтқан Сыбига атысты тоқтату параметрлері, сондай-ақ мұндай бітімді қалай бақылау немесе тексеру керектігі жөнінде «мазмұнды» талқылаулар жүргізілгенін хабарлады.

Министр сондай-ақ талқыланып жатқан 20 тармақтан тұратын шеңберлік құжатқа тоқталып, оның АҚШ пен Украина арасында жасалатын екіжақты құжат екенін, ал Ресей мен АҚШ оны бөлек қол қоюы тиіс екенін айтты.
«Қазіргі таңда талқыланып жатқан құрылым — осы. Алайда келіссөздер әлі жалғасып жатыр. Бұл — бір үдеріс», — деді ол.

Дүйсенбі күні Зеленский Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келесі байланысқа қатысты алдын ала келіссөздер жүріп жатқанын және бұл жағдай тараптардың 1 ақпанда қайта кездесуі мүмкін екенін көрсететінін мәлімдеді.

Сол күні Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың араағайындығымен өтетін Ресей–Украина бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңі алдағы аптада тағы да Абу-Дабиде жоспарланып отырғанын айтты, алайда кездесу нақты қай күн өтетіні туралы ақпарат берген жоқ.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда

Ресей мен Украина 23–24 қаңтар күндері Абу-Дабиде АҚШ-тың қатысуымен екі күндік келіссөз өткізді. Киев те, Вашингтон да бұл кездесулерді «сындарлы» деп бағаласа, Песков келіссөздердің конструктивті басталғанын, бірақ «алдында әлі де ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын» атап өтті.

Бейсенбі күні АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Швейцарияның Давос қаласында өткен іс-шарада Ресей–Украина бейбіт келіссөздерінде «үлкен ілгерілеу» бар екенін және келіссөздерде талқыланатын бір ғана соңғы мәселе қалғанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді
ҚатыстыTRT Қазақ - «Ресей Украинадағы «әділетті соғыста» басымдыққа ие»
Іздеу
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды
Израиль Сирияның оңтүстігіндегі ауылға рейд жасады
Шығыс Иерусалимдегі мектептер Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады
ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Бішкекте басталды
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды
Газада азық-түлік тапшылығы ушығып барады
Ресей Ұлыбританияның әскери базаларына соққы беруі мүмкін екенін ескертті
«Ozon» компаниясының екі логистикалық нысанына дронмен шабуыл жасалды
Газа Бейбітшілік кеңесі: “ХАМАС қару-жарағын тапсырып, басқарудан бас тартуға келісті”
Нетаньяху басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстарды кеңейтпек
Непалдағы су тасқыны мен көшкін салдарынан ондаған адам қаза тапты