ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран келіссөзде ізгі ниетпен әрекет ететіндерін мәлімдеді
Ирандық жоғары лауазымды дипломат Оман астанасына келе жатып, тұрақты келісімге қол жеткізу үшін тең мәртебе, өзара құрмет және ортақ мүдделер шарт екенін мәлімдеді.
Иран келіссөзде ізгі ниетпен әрекет ететіндерін мәлімдеді
Иран келіссөзде ізгі ниетпен әрекет ететіндерін мәлімдеді / Reuters

Иран Cыртқы істер министрі Аббас Аракчи жұма күні Оманда АҚШ-пен өтетін келіссөз алдында Тегеранның дипломатияны ізгі ниетпен жүргізіп жатқанын айтып, міндеттемелер орындалуы тиіс екенін атап өтті.

Аракчи «X» желісіндегі жазбасында «Иран дипломатияға ашық және өткен жылдың ауыр тәжірибесімен кірісіп отыр. Біз ізгі ниетпен әрекет етеміз және өз құқықтарымызды қорғауда табандымыз»,- деді.

«Міндеттемелер сақталуы керек», - деген Аракчи тең мәртебе, өзара құрмет және ортақ мүдделер міндетті, әрі тұрақты келісімнің негізі екенін атап өтті.

Вашингтон мен Тегеран жұма күні Оманда ядролық келіссөз өткізуді жоспарлап отыр. Келіссөзге АҚШ тарапынан Джаред Кушнер мен АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф өкілдік етеді. Ал Ираннан Аракчи жетекшілік ететін делегация өкілдік етеді. «Tasnim» агенттігі Иран Сыртқы істер министрінің келіссөз үшін Оман астанасы Маскатқа жеткенін хабарлады.

Апта басында келіссөздерге күмән болғанымен, Ақ Үй өкілі Анадолы агенттігіне келіссөздің өтетінін растады.

Жоспарланған кездесу Парсы шығанағында АҚШ әскери күштерінің артуы мен желтоқсан соңында Иранда басталған наразылықтардан кейін, сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың әскери операция туралы ескертулерінен соң Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс күшейген кезде өтпек.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Таяу Шығысқа тағы бір әскери кеме жіберді

Соңғы күндері шиеленісті азайту мақсатында бірқатар ел Тегеран мен Вашингтон арасында араағайын болуға ниет білдірді.  Бұл бағытта әсіресе Түркия белсенді рөл атқарды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»

АҚШ пен оның одақтасы Израиль Иранды ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп айыптаса, Тегеран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттарға, соның ішінде электр энергиясын өндіруге бағытталғанын мәлімдейді.

 

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді