ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Режеп Тайып Ердоған дағдарыстардың алдын алу үшін аймақтық қауіпсіздік тетіктерін құруға шақырды.
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз» / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Иран мен АҚШ арасындағы шиеленісті азайтуға көмектесу мақсатында Түркияның араағайын болуға дайын екенін білдіріп, Анкараның Тегеранға қарсы кез келген әскери әрекетті қабылдамайтынын атап өтті.

Ердоған Сауд Арабиясына сапары барысында саудиялық «Шаркул Аусат» газетіне берген сұхбатында «Шиеленісті бәсеңдету және мәселелерді шешу үшін Иран мен АҚШ келіссөздеріне арағайын болуға дайын екенімізді растаймыз», - деді.

Президент Түркияның аймақтың жаңа бір соғысқа куә болуын қаламайтынын ерекше атап өтті.

Ердоған: «Иранға қарсы кез келген әскери араласуды барлық алаңдарда қабылдамайтынымызды айттық. Әріптестерімізге жағдайды ушықтыратын кез келген қадамнан аулақ болу қажеттігін ескертіп отырмыз», - деді.

Аймақтық қауіпсіздік механизмдері

Президент Ердоған дағдарыс туындамай тұрып олардың алдын алу үшін аймақтық қауіпсіздік механизмдерін құру қажеттігін алға тартты.

«Өңірімізге қажет нәрсе ˗ жаңа одақтар мен күш тепе-теңдіктері емес, ортақ көзқарас пен ортақ жауапкершілікке негізделген ынтымақтастық алаңы. Біздің мақсатымыз ˗ қақтығысты басқару емес, дипломатиялық диалогтың негізін күшейте отырып, қақтығыстың алдын алу. Осы себепті аймақтық қауіпсіздік тетіктерін құру дағдарыстар тамыр жаймай тұрып тоқтатылуына үлес қосады деп сенеміз», - деп қосты Ердоған.

Түркия президенті Сауд Арабиясы мен Пәкістанмен қатар басқа да дос елдермен байланыстардың жалғасып жатқанын айтып, бұл мәселеге одақтар көзқарасымен қарамайтындарын жеткізді. «Бұл тәсіл ˗ аймақ елдерімен жүргізіп отырған кеңес пен үйлестіру бастамаларымыздың негізгі көзқарасы», -деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ердоған: Түркия Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуын болдырмауға дайын

Ердоған тәжірибелер өңірдің тарихын, болмысын және шынайы жағдайын елемей таңылған сценарийлердің ауыр азап пен трагедияға алып келетінін көрсеткенін атап өтіп, бұған Газа, Ирак, Сирия және Ауғанстандағы қақтығыстарды мысал ретінде келтірді.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті