ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды
Дональд Трамп «Барлық қажетті материалдарды тиеп, бәрі дұрыс жүріп жатқанына көз жеткізу үшін сол жерде боламыз»,- деді.
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Иранмен қол жеткізілген екі апталық бітімнен кейін Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қозғалысына АҚШ көмектесетінін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді

«Truth Social» платформасында жазба жариялаған Трамп: «Өте оң өзгерістер болады. Ауқымды табыс болады. Иран қайта қалпына келтіру кезеңін бастай алады. Барлық қажетті материалдарды тиеп, бәрі дұрыс жүріп жатқанына көз жеткізу үшін сол жерде боламыз», – деді.

Трамп сейсенбі күні атысты тоқтату келісімін мәлімдеместен бұрын Иранға Шығыс уақытымен 20:00-ге дейін (сәрсенбі 00:00 GMT) Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты қайта ашып, келісімге келу үшін уақыт берген болатын. Келісімге келмеген жағдайда инфрақұрылымына соққы жасалатынын ескертті.

АҚШ президенті бұл кезеңді «Таяу Шығыстың алтын дәуірі» деп атап, аса маңызды теңіз дәлізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АҚШ-тың күш-жігері жалғасатынын меңзеді.

Аймақтағы шиеленіс 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен шабуылынан кейін күшейді. Бұл шабуылдарда сол кездегі рухани көсем Әли Хаменеиді қоса алғанда 1400-ден астам адам қаза тапты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Иран ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар арқылы қарымта шабуыл жасап, Израильді, АҚШ-тың әскери және қаржылық нысандары орналасқан Иордания, Ирак және Парсы шығанағы елдерін нысанаға алды. Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің қозғалысын шектеді.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды