САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф жұма күні Исламабадта жоспарланған кездесу тараптар арасында тұрақты бейбітшілік орнатады деп үміттенетінін айтты.
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді / Reuters

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иранның, сондай-ақ екі елдің одақтастарымен бірге Ливанды қосқандағы барлық қақтығыс аймағында дереу атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жариялады.

Шариф сәрсенбі күні таңертең ерте “Х” желісінде жасаған мәлімдемесінде «Зор қуанышпен Иран Ислам Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының өз одақтастарымен бірге Ливан және басқа да аймақтарды қосқанда, барлық жерде дереу күшіне енетін атысты тоқтату туралы келіскенін жариялаймын», — деді.

Шариф «Екі тарап та ерекше даналық пен түсіністік танытып, бейбітшілік пен тұрақтылық ісін алға жылжыту үшін сындарлы жұмыс істеуді жалғастырды», — деп атап өтті.

Пәкістан премьер-министрі сондай-ақ барлық мәселені шешу үшін нақты келісімге келу мақсатында АҚШ пен Иран делегацияларын жұма күні келіссөз жүргізу үшін Исламабадқа шақырғанын айтты. Шариф «Исламабад келіссөздері тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуде сәтті болады деп шын жүректен үміттенемін және алдағы күндері бұдан да жақсы жаңалық жариялауды тілеймін!» — деп қосты.

Екі апталық бітім

Бұл мәлімдемелер АҚШ президенті Дональд Трамптың «Иранға бағытталған бомбалау мен басқа да шабуылдарды екі апталық мерзімге тоқтата тұруға келіскенін» айтқаннан кейін жасалды. Иран да егер елге жасалған шабуылдар тоқтаса, «қорғаныс операцияларын» тоқтататынын мәлімдеді.

Осы арада Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің айтуынша, Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуді Иран қарулы күштері қамтамасыз етеді.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады