САЯСАТ
1 ... минут оқылды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресейдің Украина қалаларына, соның ішінде астана Киевке жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады.
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен күнделікті баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Дюжаррик Киев пен Украинаның басқа қалаларына дрондар мен зымырандар арқылы жасалған әуе шабуылдарына қатысты: «Бұл — елді мекендерге жасалып жатқан шабуылдардың күшеюінің алаңдатарлық үрдісін көрсететін тағы бір қайғылы мысал», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды

«Бас хатшы Ресей Федерациясы қарулы күштерінің астана Киевке және Украинаның басқа да қалалық орталықтарына жасаған ауқымды зымырандық және ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуылдарын қатаң айыптайды», - деген Дюжаррик шабуыл салдарынан ондаған бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, сондай-ақ азаматтық нысандар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келгенін айтты.

«Бас хатшының бұл қақтығыстың, соның ішінде Ресей Федерациясының аумағында да одан әрі өршуіне қатты алаңдайды», - деді Дюжаррик.

Ол мұндай шабуылдардың халықаралық гуманитарлық құқықты анық бұзатынын атап өтті. Сондай-ақ Гутерриштің «дереу және ешқандай шартсыз атысты тоқтатуға» шақырғанын жеткізді.

Украина президенті Владимир Зеленский кеше таңертең Киевке жасалған шабуылдан 12 адамның қаза тауып, 40 адамның жараланғанын мәлімдеген еді.

Киев мэрі Виталий Кличко Ресей армиясының шабуылдарына байланысты Киевте 21 тамыз аза тұту күні болып жарияланғанын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей шабуылдарынан Киевте 8 адам қаза тауып, 33 адам жараланды
Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды