САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Пентагон Украинаға бөлінген әскери көмекті Таяу Шығысқа бағыттауы мүмкін
Қайта бағытталуы мүмкін қару-жарақтың ішінде былтыр басталған НАТО бастамасы аясында сатып алынған әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандары да бар.
Пентагон Украинаға бөлінген әскери көмекті Таяу Шығысқа бағыттауы мүмкін
Пентагон оқ-дәрі мен әскери техниканы қайта бағыттау туралы соңғы шешімді әлі қабылдаған жоқ. (МҰРАҒАТ) / Reuters

“Washington Post” басылымының үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, Пентагон бастапқыда Украина үшін бөлінген қару-жарақты Таяу Шығысқа бағыттауды қарастырып жатыр.

Хабарға қарағанда, басқа өңірге қайта бағытталуы мүмкін қару-жарақтың ішінде былтыр НАТО бастамасы шеңберінде серіктес мемлекеттер Киев үшін сатып алған АҚШ-тың әуе қорғанысы жүйесіне арналған тосқауыл зымырандары да бар.

Оқ-дәрі мен әскери техниканы қайта бағыттау жөніндегі шешімді Пентагон әлі қабылдаған жоқ. Алайда сарапшылар бұл өзгеріс Иранға қарсы соғысты жалғастыру үшін қажет және күн өткен сайын ұлғайып келе жатқан ымыраларды айқын көрсететінін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский: “Украина Еуропаның қолдауына мұқтаж”

Трамп әкімшілігі Пентагонның Украинаға тікелей беретін әскери көмегінің басым бөлігін қысқартты. Сондықтан қолда бар ресурстардың басқа бағытқа ауыстырылуы Украинаны шектеулі оқ-дәрі қорымен қалдыруы мүмкін.

Пентагон таратқан мәлімдемеде Қорғаныс министрлігі «АҚШ күштері мен одақтастарының соғысып, жеңіске жетуі үшін керек барлық нәрсеге ие болуын қамтамасыз етеді» делінген.

Бір АҚШ шенеунігінің хабарлауынша, қазіргі кезде Киевке әскери қолдаудың басым бөлігін еуропалық елдер көрсетіп отыр және НАТО бағдарламасы арқылы Украинаға шамамен 4 миллиард доллар бөлуге міндеттеме алған. Алайда Украинадағы соғысқа үздіксіз оқ-дәрі жеткізілімі әлі де аса маңызды мәселе болып қала бермек.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда
Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы