ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Индонезия Газаға бітімгершілік күштерін жіберуге дайын
Президент Прабово Субианто көптеген ел Палестинаны мойындап жатқан шақта екі мемлекет шешімін қолдауға уәде берді.
Индонезия Газаға бітімгершілік күштерін жіберуге дайын
/ AFP

Индонезия Президенті Прабово Субианто БҰҰ Бас Ассамблеясында елінің Газаға бітімгершілік күштерін жіберуге дайын екенін айтты. Ол: «Газадағы төзгісіз қасірет жүрегімізді қан жылатады», – деді.

«Әйелдер мен балаларды қоса алғанда мыңдаған жазықсыз адам көз жұмды, аштық пен инфрақұрылымның қирауы белең алды. Көз алдымызда гуманитарлық апат болып жатыр. Кінәсіз бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған кез келген зорлық-зомбылық әрекетін айыптаймыз», – деді ол.

Субианто Индонезияның қақтығысты тоқтатуға бағытталған халықаралық күш-жігерге қосылуға дайын екенін атап өтті. «Бітімгершілік күштерін ұсынуға дайынбыз», – деп, елінің екі мемлекет шешімін қолдайтынын тағы да растады.

Делегаттарға арнаған сөзінде ол: «Еліміз Израиль Палестина мемлекетін және Палестинаның тәуелсіздігін мойындаған сәтте Израиль мемлекетін дереу мойындайды және Израильдің қауіпсіздігі үшін барлық кепілдіктерді қолдауға дайын», – деді.

Ол елінің ұстанымы айқын әрі нақты екенін жеткізді. «Палестина мәселесіне қатысты екі мемлекет шешімін қолдауды жалғастырамыз», – деген Правобо «жалғасып жатқан гуманитарлық апатқа» нүкте қою үшін халықаралық күш-жігерде бірлікке шақырды.

Мойындау үдерісі қарқын алуда

Бұл міндеттеме БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Палестинаны мойындауға қатысты қарқын артып жатқан сәтте айтылды.

Бір күн бұрын Ұлыбритания Аустралия мен Канадаға қосылып, Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады. Бұл қадамға Израиль мен АҚШ қарсы шықты.

Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер жексенбі күні: «Бұл ХАМАС үшін марапат емес», – деді және мойындаудың екі мемлекет шешімін қайта жандандыру үшін қажетті қадам екенін баса айтты.

Франция, Бельгия, Мальта және Люксембургті қоса алғанда соңғы күндері басқа да бірқатар Еуропа елі Палестинаны мойындағанын жариялап, бұл қадамды Израильдің ондаған жылға созылған оккупациясын тоқтатуға бағытталған кең ауқымды шаралардың бір бөлігі ретінде бағалады.

Іздеу
Түркия, Әзербайжан және Грузия өкілдері Бірлескен кеден комитетінің отырысын өткізді
Ташкентте «Түркі әлемі диалогтары: Ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты панель өтеді
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Иран: «Иранның АҚШ-пен қандай да бір келіссөз жүргізу жоспары жоқ»
Трамп Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атады
Түркия Сыртқы істер министрі БАӘ-ге сапарлай барады
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Түркиялық гимнаст Ферхат Арыджан Париждегі жарыста чемпион атанды
Қазақстан президенті Тоқаев әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар саны 14-ке жетті
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Ресей Түркиямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады
Түркия Нетаньяхудың мәлімдемесіне үшінші хатшы деңгейінде жауап берді
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Түркия Қазақстанға көңіл айтты