ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Франция Гренландияда НАТО-ның әскери оқу-жаттығуын өткізуді ұсынды
Бірқатар Еуропа елі АҚШ президенті Дональд Трамптың қоқан-лоққысынан кейін Арктикадағы аралда әскери күшін арттырып жатыр.
Франция Гренландияда НАТО-ның әскери оқу-жаттығуын өткізуді ұсынды
Франция Гренландияда НАТО-ның әскери оқу-жаттығуын өткізуді ұсынды / Reuters

Сәрсенбі күні Елисей сарайы Францияның Гренландияда НАТО-ның әскери оқу-жаттығуын өткізуді ұсынғанын және үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп аралды бақылауға алатынын айтып, қоқан-лоққы көрсеткен болатын.

Дания Корольдігіне қарайтын Гренландия автономиялық аймағы стратегиялық тұғыры мен мол минералды ресурстарына байланысты Трамптың қызығушылығын туғызды. Ресей мен Қытайдың белсенділігі артқаны жөніндегі алаңдаушылық та оған қатты әсер етті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Медведев Трамп «асықпаса, Гренландия Ресейге қосылу үшін дауыс береді" деп қалжыңдады

Трамп аралды алу үшін күш қолдануды жоққа шығармайтынын айтып, талабын қолдайтын мемге ұқсас суреттер жариялады. Ал Дания мен Гренландия сату туралы ұсыныстарды қабылдамай, Данияның аймақтағы егемендігін қайта растады.

Франция, Дания, Швеция және Германия оқу-жаттығулары мен барлау миссиялары арқылы Гренландиядағы әскери күшін арттырып жатқанда Трамп «Өңір Ресей мен Қытайға қарсы тұру үшін АҚШ-тың қолында болуы тиіс»,- дейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп: “Ұлттық қауіпсіздік үшін АҚШ-қа Гренландия қажет”

Сенбі күні Трамп Вашингтон 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд және Финляндиядан келетін тауарларға 10 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін, ал маусым айында бұл мөлшерлеме 25 пайызға дейін артатынын айтты. Оның сөзінше, бұл Гренландияны толық сатып алғанға дейін жалғасады.

Бұған жауап ретінде Еуропа көшбасшылары Трамптың кедендік баж салығы туралы қоқан-лоққысын қабылдамай, Даниямен ынтымақтастықты тағы да растады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамптың Гренландия жоспары қандай?
Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді