САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: “Ұлттық қауіпсіздік үшін АҚШ-қа Гренландия қажет”
АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарына ұлттық қауіпсіздік себептерімен Гренландия қажет екенін айтып, аймақта Ресей мен Қытайдың әрекеттері күшейіп келе жатқанын айтты.
Трамп: “Ұлттық қауіпсіздік үшін АҚШ-қа Гренландия қажет”
Трамп АҚШ Қытай мен Ресейдің қатысуына байланысты Гренландияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек деп мәлімдеді. / AFP

Трамп Флорида штатында журналистерге берген мәлімдемесінде жартылай автономды аумақты басқарып отырған Данияның жеткілікті әскери қорғаныс қамтамасыз етпей отырғанын алға тартып, «Ұлттық қауіпсіздік үшін бізге Гренландия керек», - деді.

Президент бұл мәлімдемені Луизиана штатының губернаторы Джефф Лэндриді Вашингтонның Гренландия жөніндегі арнайы өкілі етіп тағайындағаннан кейін жасады.

Трамп: «Бізге Гренландия пайдалы қазбалар үшін емес, ұлттық қауіпсіздік үшін қажет. Егер Гренландияға жоғарыдан жағалау бойымен көз салсаңыз, барлық жерде Ресей мен Қытай кемелерін көресіз. Ұлттық қауіпсіздік үшін бұл аумақ бізге керек. Біз оны алуға тиіспіз. Гренландия — өте маңызды мәселе», — деді.

Данияның жауабы

Бұл мәлімдемелерге Копенгаген мен Нууктан жедел жауап келді. Дания премьер-министрі Метте Фредериксен мен Гренландия премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен бірлескен мәлімдемеде Гренландияның өз халқына тиесілі екенін атап өтіп, «Басқа бір мемлекетті аннексиялай алмайсыз. Тіпті халықаралық қауіпсіздік сылтауымен де болмайды. Гренландия — гренландиялықтарға тиесілі, АҚШ Гренландияны өз бақылауына ала алмайды», - деді.

Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен Лэндридің тағайындалуынан кейін АҚШ-тың Даниядағы елшісі Кеннет А. Хауриді түсініктеме беру үшін шақыратынын айтты.

Іздеу
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
АҚШ Израильге қосымша әскер мен әуе техникасын орналастырады
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады