САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп: «ХАМАС 13 қазанда барлық израильдік тұтқындарды босатады»
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мәлімдемені Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім жарияланғаннан кейін, тұтқындардың отбасыларымен телефон әңгімесі барысында жасады.
Трамп: «ХАМАС 13 қазанда барлық израильдік тұтқындарды босатады»
Трамп: «ХАМАС 13 қазанда барлық израильдік тұтқындарды босатады» / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп тойтарыс тобы ХАМАС-тың  13 қазанда Газадағы барлық израильдік тұтқынды босататынын мәлімдеді.

Трамп сәрсенбі күні Израиль мен ХАМАС арасында жасалған келісімнен кейін, израильдік тұтқындардың отбасыларымен телефон арқылы сөйлесті. Тұтқындардың туыстары келісімге қол жеткізу жолындағы күш-жігері үшін Трампқа алғыс білдірді.

Телефон әңгімесі барысында Трамп барлық израильдік тұтқындардың дүйсенбі күні босатылатынын айтты. АҚШ президенті «X» платформасында жариялаған жазбасында «БАРЛЫҚ» израильдік тұтқындардың босатылатынын ерекше атап өтті. Алайда Трамп босатылатындар арасында қаза тапқан тұтқындардың мәйіттері бар-жоғы туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұған дейін Трамп Израиль мен ХАМАС АҚШ ұсынған Газа жөніндегі келісімнің алғашқы кезеңін қабылдағанын хабарлаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Газаға қатысты бітім келісіміне бүгін қол қойылады

29 қыркүйек күні ұсынылған 20 тармақтан тұратын бұл жоспар тұтқын алмасуды, атысты тоқтатуды, ХАМАС-ты қарусыздандыруды және Газаны қайта қалпына келтіруді қамтиды.

ҚатыстыTRT Қазақ - ХАМАС пен Израиль бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңін мақұлдады

2023 жылдың қазан айынан бері Газада 67 200 палестиналық қаза тапты. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Үздіксіз әуе шабуылдары аймақты өмір сүруге жарамсыз етіп, жаппай көші-қонға, ашаршылық пен түрлі аурулардың таралуына себеп болды.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді