ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
ХАМАС пен Израиль бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңін мақұлдады
АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің мақұлданған шекараға шегінетінін және барлық тұтқынның босатылатынын мәлімдеді.
ХАМАС пен Израиль бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңін мақұлдады
Трамп барлық тұтқындардың босатылатынын хабарлады. / AP

Дональд Трамп соңғы апталарда Газа келісімінің алғашқы кезеңінің қабылданғанын және осы аяда барлық израильдік тұтқындардың босатылатынын айтты.

Трамп сәрсенбі күні “Truth Social” желісінде жасаған мәлімдемесінде: «Мен Израиль мен ХАМАС біздің Бейбітшілік жоспарымыздың алғашқы кезеңін қабылдағанын мақтанышпен хабарлаймын», – деді.

АҚШ президенті сондай-ақ: «Бұл – барлық тұтқындар жақын арада босатылып, Израиль күшті, тұрақты және мәңгілік бейбітшілікке қарай алғашқы қадам ретінде келісілген шепке шегінеді дегенді білдіреді», – деп қосты.

Трамп барлық тараптың «әділ түрде» қарастырылатынын айтып, бұл сәтті араб және мұсылман әлемі, Израиль, көршілес елдер мен АҚШ үшін «ұлы күн» деп сипаттады.

Мысыр мемлекеттік барлау қызметімен байланысты “Al-Qahera News” арнасы: «Газа бітім келісімінің алғашқы кезеңін жүзеге асыруға қатысты барлық шарт пен механизмдерге бүгін түнде қол жеткізілді», – деп хабарлады.

ХАМАС мақұлдады

Мәлімдемеден кейін ХАМАС келісімді қабылдағанын айтып, Катар, Мысыр және Түркияға еңбектері үшін алғыс білдірді.

ХАМАС “Telegram”-да жариялаған мәлімдемесінде: «ХАМАС Газаға қарсы соғысты тоқтатуды, оккупация күштерінің шегінуін, гуманитарлық көмектің кіргізілуін және тұтқын алмасуын қамтамасыз ететін келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды», – деді.

Мәлімдемеде сонымен қатар: «Катар, Мысыр және Түркиядағы делдал бауырлас ара ағайындарымыздың еңбегіне ризамыз. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысты түпкілікті тоқтатуға және Израиль оккупациялық күштерін Газа секторынан толықтай әкетуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалаймыз», – деп айтылды.

Нетаньяху «адамгершілік жеңіс» жариялады

Нетаньяху үкіметі ертең жиналып, келісімді мақұлдайтындарын және тұтқындарды қайтаруға кірісетіндерін айтты.

Трамптың мәлімдемесінен кейін Нетаньяху: «Израиль үшін ұлы күн. Бұл келісім – Израиль үшін дипломатиялық табыс әрі адамгершілік жеңіс», – деді.

Ол сондай-ақ Газаға жасалған әскери операциялардың бұл «белеске» жету үшін маңызды болғанын атап өтті.

Екі жылға созылған геноцидтен кейінгі келісім

Трамптың мәлімдемесі Израильдің Газаға қарсы бастаған геноцидінің екінші жылдығынан бір күн кейін жасалды.

Соңғы екі жылда Израиль басым бөлігі әйелдер мен балалардан тұратын 67 100-ден астам палестиналықты өлтірді. Сарапшылар бұл сан әлдеқайда жоғары екенін айтады.

Израиль қоршаудағы аймақтың басым бөлігін қиратып, тұрғындардың басым бөлігін босқынға айналдырды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Газада бейбітшілік жоспарын ұсынбақ

Іздеу
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды