САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Газаға қатысты бітім келісіміне бүгін қол қойылады
ХАМАС шамамен 2000 палестиналық тұтқынның орнына 20 израильдік тұтқынды босатпақ. Бұл келісімнің алғашқы кезеңі.
Газаға қатысты бітім келісіміне бүгін қол қойылады
Smoke rises from Gaza, after US President Trump announced that Israel and Hamas agreed on the first phase of a Gaza ceasefire. / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамптың Газаға арналған жоспарының алғашқы кезеңіне қатысты келісімге бейсенбі күні сағат 09:00 GMT-де қол қойылуы күтілуде. «Reuters» агенттігіне сұхбат берген дереккөздің хабарлауынша, келісімге қол қойылғаннан кейін Газа аймағында атысты тоқтату күшіне енуі тиіс.

«The Jerusalem Post» басылымының мәліметінше, Катар, Мысыр, АҚШ және Түркия Газа бейбітшілік келісімінің кепілгерлері ретінде құжатқа қол қойған.
Израиль мен палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС Тель-Авивтің Газадағы соғысын тоқтатуға бағытталған көптен күткен атысты тоқтату келісімінің алғашқы кезеңі бойынша мәмілеге келгендерін мәлімдеді. Бұл соғыс 67 мыңнан астам палестиналықтың өмірін қиып, Таяу Шығыстың саяси бейнесін түбегейлі өзгертті.

ҚатыстыTRT Қазақ - ХАМАС келіссөздерінің алғашқы кезеңі нәтижелі өтті

Алайда Газа Азаматтық қорғаныс агенттігі Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату жоспары бойынша келісімге келгеннен кейін көп ұзамай аймақта бірқатар шабуылдың болғанын хабарлады.
Агенттік өкілі Мұхаммед әл-Мугхайир: «Кеше түнде Газада атысты тоқтату келісімі жарияланғаннан кейін Газаның солтүстік аймақтарында бірнеше жарылыс болды», – деді. Сондай-ақ ол Газа қаласына ауқымды әуе соққылары жасалғанын мәлімдеді.

Израиль армиясы бейсенбі күнгі мәлімдемесінде аймақтағы әскерлердің өз позицияларында қалып отырғанын және ықтимал операцияларға дайындық жүргізіп жатқанын хабарлады.

Бұл жағдай «Reuters» агенттігінің дереккөзіне сүйенген тағы бір хабармен тұспа-тұс келді. Онда Израильдің қауіпсіздік кабинеті мен үкіметі Газа келісіміне байланысты отырыстарын екі сағатқа шегеріп, оны сағат 14:00 GMT-ге ауыстырғаны айтылған.

Келісім үш негізгі тармақты қамтиды: израильдік тұтқындар мен палестиналық тұтқындардың босатылуы, Израиль әскерінің шегінуі, жылдар бойы созылған блокада мен соғыстан кейін Газаға аса қажетті гуманитарлық көмектің тез арада жеткізілуі.

«AFP» агенттігіне сұхбат берген ХАМАС дереккөзіне сәйкес, тойтарыс тобы келісімнің алғашқы кезеңі аясында 20 израильдік тұтқынды шамамен 2000 палестиналық тұтқынмен алмастырады. Келіссөздерге қатысқан өзге бір дереккөз бұл тұтқын алмасу келісімге қол қойғаннан кейін 72 сағат ішінде жүзеге асатынын мәлімдеді. Дереккөздің айтуынша, босатылатын израильдіктердің орнына 1700 палестиналық пен өмір бойына бас бостандығынан айрылған 250 адам босатылады. Араларында әйелдер мен балалар да бар.

Іздеу
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді
Дания Сыртқы істер министрі Расмуссен Ресейдің Даниядағы елшісі Барбинді министрлікке шақырды
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды
Ұлыбритания ыдырай ма? Шотландия, Солтүстік Ирландия және Уэльстен тәуелсіздік қадамдары
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді