ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Иран Сыртқы істер министрі Түркияға келеді
Түркия Иранға қарсы әскери операцияны қолдамайтынын және көрші елмен экономикалық байланыстарды тереңдеткісі келетінін мәлімдемек.
Иран Сыртқы істер министрі Түркияға келеді
Иран Сыртқы істер министрі Түркияға келеді / Reuters
29 Қаңтар 2026

Түркия Сыртқы істер министрлігі дереккөздерінің мәліметінше, Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи жұма күні түрік әріптесі Хакан Фиданмен кездесу үшін Түркияға келеді. Екі көрші ел қауіпсіздік, сауда және бірқатар өңірлік мәселелер бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді мақсат етіп отыр.

Түркия Сыртқы істер министрінің Анкараның Ирандағы соңғы оқиғаларды мұқият бақылап отырғанын және Иранның қауіпсіздігі, тыныштығы мен тұрақтылығы Түркия үшін аса маңызды екенін жеткізуі күтілуде.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Сыртқы істер министрі  АҚШ пен Иранды дипломатияға шақырды

Министрлік дереккөздеріне сәйкес, Фидан Түркияның Иранға қарсы кез келген әскери операцияға қарсы екенін қайталап, мұндай қадам аймақтық және жаһандық қауіп туғызуы мүмкін екенін ескертпек.

Фидан сондай-ақ Анкараның диалог арқылы қазіргі шиеленісті бәсеңдетуге, Тегеранның ядролық бағдарламасына байланысты мәселені жедел, әрі бейбіт жолмен шешуге және қажет болған жағдайда Түркия қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Сыртқы істер министрі  АҚШ пен Иранды дипломатияға шақырды

Анкара ынтымақтастықты арттырғысы келеді

Хакан Фидан тарихи байланыстармен астасқан екі ел Түркия мен Иран арасындағы қатынастардың өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және әл-ауқат үшін аса маңызды екенін атап өтеді.

Түркия Сыртқы істер министрі сондай-ақ 2014 жылы құрылған Түркия-Иран Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесі сияқты қолданыстағы тетіктер арқылы ынтымақтастықты одан әрі нығайтқысы келетінін мәлімдемек.

Келіссөздердің негізгі бағыты екіжақты сауданы 30 миллиард долларға жеткізу болмақ.

Фидан Түркияның сауда, энергетика, көлік және байланыс салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге деген ниетін жеткізеді.

Терроризмге қарсы ынтымақтастық

Кездесуде сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық талқыланады. Хакан Фидан PKK террористік ұйымының Ирандағы тармағы саналатын PJAK-тың соңғы оқиғалардағы рөлін атап өтіп, Иранның қауіпсіздігі үшін бұл ұйымды толық, әрі шұғыл түрде бейтараптандыру қажеттігін мәлімдемек.

Кездесуде Иран шекарасынан тыс аймақтық дағдарыстар да талқыланады.

Фидан сондай-ақ Анкараның палестиналықтардың өз жерінде қалып, бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында өмір сүруіне мүмкіндік беретін Газаны қайта қалпына келтіруге қолдауын тағы да растайды.

Хакан Фидан Израильдің өңірлік тұрақтылыққа нұқсан келтіретін әрекеттеріне қарсы аймақ елдерін ынтымақ пен бірлік аясында әрекет етуге шақырмақ.

Сириядағы бейбітшілік пен қауіпсіздік

Хакан Фидан сондай-ақ Сирияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту өңірлік тұрақтылықты да күшейтетінін атап өтеді.

Министр Сирияның аумақтық тұтастығын, бірлігін және егемендігін сақтау үшін атысты тоқтату және толық интеграция туралы келісімнің маңызын ерекше атап, ДАИШ-қа қарсы күрестің әлсіреуіне жол бермеу үшін бітімді сақтау қажеттігін мәлімдейді.

Түркия мен Иран соңғы рет 2024 жылдың қаңтарында Анкарада Режеп Тайып Ердоған мен марқұм Иран президенті Ибрахим Раисидің тең төрағалығымен Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесінің 8-отырысын өткізген.

Президент Ердоған 2025 жылдың қыркүйегінде Қытайдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде Иран президенті Масуд Пезешкианмен кездескен болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Иранға бағытталған «кез келген әскери операцияға» қарсы
Іздеу
Карни Түркияның Канада үшін «өте маңызды серіктес» екенін мәлімдеді
Түркия Сомалидің терроризммен күресіне бағытталған әуе және құрлықтағы әскери қолдауын арттыруда
Түркия мен Сауд Арабиясы “KAAN” жойғыш ұшақтарына бірлесіп инвестиция салады
Президент Ердоған Түркия-Мысыр Іскерлік форумына қатысты
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Түркия Суданның егемендігіне қолдауын растады
«Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігі өте маңызды»
Сауд Арабиясы-Түркия инвестициялық форумы өтті
Түркия президенті Ердоған Сауд Арабиясы мен Мысырға барады
Президент Ердоған Орталық банкке жаңа төраға орынбасарларын тағайындады
Түркия Израильді айыптады
Түркия Конго Демократиялық Республикасына  көңіл айтты
Түркия Сириядан әскерлердің шығарылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Таяу Шығыс бойынша сенімге негізделген келісім ұсынды
Түркияда жұмыссыздық деңгейі 7,7%-ға төмендеді
Түркия мен Нигерия сауда көлемін арттырды
Түркия Сыртқы істер министрі  АҚШ пен Иранды дипломатияға шақырды
Түркия Иран пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен алты адамды ұстады
Ердоған Сирияда Асад режимі қиратқан үйлердің қайта салынатынын мәлімдеді
Түркия мен Нигерия сауда, инвестиция және қорғаныс байланыстарын кеңейтеді