САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Зеленский президенттік сайлау туралы мәлімдеме жасады
“Қауіпсіздік қамтамасыз етілсе, 60–90 күн ішінде президенттік сайлау өткізуге болады”
Зеленский президенттік сайлау туралы мәлімдеме жасады
Зеленский Киевке оралғаннан кейін серіктестер мен парламенттің ұсыныстарын қарастыруды жоспарлағанын мәлімдеді. / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік пен құқықтық талаптар орындалған жағдайда 60–90 күн ішінде президенттік сайлау өткізуге дайын екенін айтып, соғыс жағдайында дауыс беруге қолайлы орта қалыптастыру үшін АҚШ пен еуропалық серіктестерінен көмек сұрады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский: “Украина Еуропаның қолдауына мұқтаж”

Римде журналистерге сөйлеген Зеленский америкалық ресми тұлғалармен соңғы кездесулерінде бұл тақырып талқыланбағанын және сайлау туралы шешім тек украин халқына тиесілі екенін атап өтті.

Киевтің саяси себептермен сайлаудан қашып отырғаны туралы айыптауларды жоққа шығарған Зеленский соғыстың жалғасуының билікте кімнің отырғанымен байланысы жоқ екенін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей мен Украина: қақтығыстар жаңа қарқын алуда

Зеленский АҚШ пен Еуропа серіктестерінен Украинада қажетті қауіпсіз орта қалыптастыруға көмектесуін сұрап, қолдау көрсетілген жағдайда елдің екі-үш ай ішінде сайлау өткізуге дайын болатынын айтты.

Ол сондай-ақ сайлауға қатысуға толық дайын екенін және депутаттардан соғыс кезінде сайлауды мүмкін ететін заң жобасын әзірлеуді сұрағанын жеткізді.

Зеленский Киевке оралғанда серіктестер мен парламенттен келетін ұсыныстарды қарастыруды күтетінін де айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Украина жер бермейді»
Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты