САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Франция Гренландияда оқу-жаттығу өткізеді
Трамп Данияның Қытай мен Ресейге қарсы Гренландияны қорғай алмайтынын айтты.
Франция Гренландияда оқу-жаттығу өткізеді
Франция Гренландияда оқу-жаттығу өткізеді / AP

Франция Дания және өзге де бірнеше еуропалық елмен бірлескен «суық ауа райы» жаттығуына қатысу үшін Гренландияға әскер жіберетінін мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны Ресей мен Қытайдан қорғау үшін Данияға сенуге болмайтынын жеткізді.

Франция Қарулы күштер министрлігінің мәліметінше, жаттығуға таулы жердегі ұрысқа маманданған бөлімшелер қатысады. Әскер саны мен өкілеттіктеріне қатысты егжей-тегжейлі мәліметтер бейсенбі күні Францияның оңтүстігіндегі Истр әуе базасында президент Эммануэль Макронның қарулы күштерге арналған жыл сайынғы үндеуі кезінде жарияланбақ.

Бұған дейін Дания оқу-жаттығу шараларына байланысты әскер енгізу арқылы Гренландиядағы әскери тұғырын бүгіннен бастап күшейтетінін мәлімдеген еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Дания Арктикадағы әскери көмекті 2 миллиард долларға  ұлғайтайтатынын мәлімдеді

Швеция да өңірге офицерлер жібергенін және олардың осы әскери жаттығуға қатысып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ Германия Данияға қолдау көрсету үшін басқа еуропалық серіктестерімен бірге бейсенбіден сенбіге дейін өтетін барлау миссиясы аясында Гренландияға әскер жіберетінін мәлімдеді.

Трамп Данияның Ресей мен Қытайға қарсы тұра алмайтынын алға тартуда

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия Ресей мен Қытайдан төнетін қауіпке қарсы «АҚШ бақылауында» болуы тиіс екенін алға тартуда.

Трамп Ақ Үйде журналистерге «Дания өзін-өзі қорғай алатынына сенбеймін. Ол жаққа қосымша шана тобын қойды. Өткен ай екінші шана тобын жіберді, бірақ бұл көмектеспейді. Ұлттық қауіпсіздік үшін бізге Гренландия керек, енді не боларын көреміз. Егер біз кірмесек, Ресей кіреді, Қытай кіреді. Дания ештеңе істей алмайды, ал біз қажеттінің бәрін істейміз», - деді.

Бұл мәлімдеме Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сондай-ақ Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Локке Расмуссен және Гренландияның Сыртқы істер министрі Вивиан Моцфельдт Ақ Үйде кездесу өткізгеннен кейін жарияланды.

Расмуссен кездесу соңындағы баспасөз мәслихатында «Американың ұстанымын өзгерте алмадық. АҚШ президентінің Гренландияны жаулап алуға ниетті екені анық. Мұның корольдіктің (Данияның) мүддесіне сай келмейтінін нақты айттық», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп: “Ұлттық қауіпсіздік үшін АҚШ-қа Гренландия қажет”

Оның айтуынша, Дания мен АҚШ шешім табу үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобын құру жөнінде келісімге келген.

 

Іздеу
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ
Ресей, АҚШ және Қытай басшылары үшжақты кездесу өткізуі мүмкін
Түркия бастаған 7 ел Израильдің палестиналықтарды күштеп көшіру жоспарын айыптады
АҚШ өкілдері Киевке алғаш рет сапарлай барды
Иранды басып алу жоспарын ұсынды
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты