САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Дания Арктикадағы әскери көмекті 2 миллиард долларға  ұлғайтайтатынын мәлімдеді
Дания АҚШ президенті Трамптың Гренландияны бақылауға шақыруына жауап ретінде жаңа әскери күштерге, нақтырақ айтсақ кемелер мен ұшқышсыз ұшақтарға инвестиция құяды.
00:00
Дания Арктикадағы  әскери көмекті 2 миллиард долларға  ұлғайтайтатынын мәлімдеді
Дания Арктикадағы қауіпсіздігін күшейту үшін әскери көмекті 2 миллиард долларға ұлғайтайтатынын мәлімдеді / Reuters
 

Дүйсенбіде Дания АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны бақылауға қайта қызығушылық танытқаннан кейін Арктикадағы әскери күшін нығайту үшін 14,6 миллиард дат кронын (2,05 миллиард доллар) жұмсайтынын мәлімдеді. Гренландия - Данияның жартылай автономиялық аймағы.

Осы айда Трамп «Гренландия АҚШ қауіпсіздігі үшін өте маңызды және Дания стратегиялық маңызды Арктикалық аралды бақылаудан бас тартуы керек» деген болатын.

Қорғаныс шығындарының онжылдық қысқартуларынан кейін Дания өткен жылы әскери шығындарға 190 миллиард дат кронын (26 миллиард доллар) бөліп, оның бір бөлігін қазір Арктикаға пайдалана бастады.

Дания Гренландияның қауіпсіздігі мен қорғанысына жауапты болғанымен, оның үлкен аралда әскери мүмкіндіктері шектеулі. Гренландия -қауіпсіздіктің маңызды нүктесі.

Қазіргі уақытта Данияның қарамағында төрт ескі бақылау кемесі, бір «Challenger» барлау ұшағы және 12 итшана патрулі бар. Олардың барлығына Франциядан төрт есе үлкен аумақты бақылау міндеті жүктелген.

Қорғаныс министрі Троэлс Лунд Поулсен баспасөз мәслихатында бұл мәміле үш жаңа Арктикалық теңіз кемелерін қаржыландыруды, жоспарланған ұзақ қашықтықтағы барлау ұшқышсыз ұшақтарының санын төртке дейін арттыруды және спутниктік бақылауды қаржыландыруды қамтитын атап өтті.

Саяси партиялар бірінші жартыжылдықта ұсынылатын келісімде Арктикаға көбірек ақша бөлуге келісті.

АҚШ әскері Гренландияның солтүстік-батысындағы Питуффик ғарыш айлағында қалады. Бұл база баллистикалық зымырандарды ерте хабарлау жүйесі үшін стратегиялық орынға ие, себебі Еуропадан Солтүстік Америкаға дейінгі ең қысқа жол осы арал арқылы өтеді.

Іздеу
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді
Израиль баспасөзі: «Нетаньяху Иранға қайта шабуыл жасау үшін Трампқа қысым көрсетуді жалғастыруда»
Индонезия мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі ынтымақтастықты талқылады
Еуропалық көшбасшылар: «Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынбыз»
Зеленский: «Украинаның қатысуынсыз оның тағдырына қатысты мәселелерді талқылау дұрыс емес»
АҚШ барлау қызметінің басшысы Иран тарапынан төнетін қауіптің күшейгенін ескертті
Француз сарбаздар Украинада техникалық қолдау көрсетіп жүр
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
Трамп APEC саммиті мен үшжақты кездесуге қатысу үшін Қытайға барды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді