ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Израильдің Газа флотилиясына жасаған шабуылы «террорлық әрекет»
Түркия Сыртқы істер министрлігі жаһандық «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылдың Нетаньяхудың «геноцидтік, милитаристік саясаттарының» тек палестиналықтармен ғана шектелмейтіндігінің көрсеткіші екенін айтты.
«Израильдің Газа флотилиясына жасаған шабуылы «террорлық әрекет»
Түркия Сыртқы Істер министрлігі: «Израильдің Газа флотилиясына жасаған шабуылы «террорлық әрекет» / TRT World and Agencies

Түркия Израильдің Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге ұмтылған жаһандық «Sumud» флотилиясына жасаған шабуылын қатаң айыптап, оны бейбіт тұрғындардың өмірін қауіпке тіккен «террорлық әрекет» деп атады.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Global Sumud” флотилиясы Газаға жақындап, қауіпті аймаққа кірді

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Зорлық-зомбылықсыз бейбіт мақсатта әрекет еткен азаматтарды нысанаға алған бұл шабуыл – Газаны аштыққа душар еткен геноцидшіл Нетаньяху үкіметінің фашистік әрі милитаристік саясатының тек палестиналықтармен шектелмей, Израиль зұлымдығына қарсы күрескен баршаға бағытталған», – делінген.

Сонымен қатар мәлімдемеде: «Израиль күштері ұстап әкеткен азаматтарымыз бен өзге де жолаушылардың тез арада босатылуы үшін қажетті қадам басылуда», – делінді.

Жаһандық «Sumud» флотилиясы делегациясынан жауап

«Sumud» флотилиясының Түркия делегациясы да Израильдің халықаралық суларда қарусыз гуманитарлық көмек қызметкерлеріне жасаған заңсыз шабуылын айыптады.

Делегацияның мәлімдемесінде, Израиль әскерлері жергілікті уақыт 20:30 шамасында «Alma», «Sirius» және «Adara» кемелеріне заңсыз басып кіргені, кемелердің байланыс арналарын әдейі бұзып, көмек шақыру мүмкіндігінен айырғаны атап өтілді.

Сондай-ақ «Бірнеше кеме тоқтатылса да, жаһандық «Sumud» флотилиясы әлі де Газа жағалауынан 60 теңіз милі қашықтықта сапарын жалғастыруда», – делінген.

Делегация үкіметтерді, әлем көшбасшылары мен халықаралық ұйымдарды кемедегілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұсталған азаматтардың тез арада босатылуы үшін әрекет етуге және жағдайды жіті қадағалауға шақырды.

Бұл оқиға Түркия мен өзге де мемлекеттер заңсыз деп таныған Израильдің Газаға бағытталған геноцидін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Анкара бірнеше рет халықаралық қоғамдастықты көмек керуендерін қорғауға және гуманитарлық жүктің еш кедергісіз аймаққа жеткізілуін қамтамасыз етуге үндеу жасаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Global Sumud» флотына шабуыл: Стамбул мен Еуропада наразылықтар басталды

Ресми өкілдердің мәліметінше, флотилиядағы еріктілер арасында азаматтары бар өзге елдермен және гуманитарлық ұйымдармен үйлесімді түрде жұмыс жүргізілуде.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады