САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Женевадағы келіссөздер: Ресей- Украина мәселесінде ілгерілеу бар
Ресей және Украина тарапынан келіссөз жүргізушілер ортақ мәселелерде ілгерілеу бар екенін білдірді.
Женевадағы келіссөздер: Ресей- Украина мәселесінде ілгерілеу бар
Кремль көмекшісі Владимир Мединский Швейцарияның Женева қаласында қонақүйден шығып келеді. 2026 ж 18 ақпан. / Reuters

Ресейдің бас келіссөз жүргізушісі Владимир Мединский сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың араағайындығымен Ресей мен Украина арасында Женевада өтіп жатқан бейбіт келіссөздердің қиын, алайда кәсіби әрі ресми сипатта өткенін және жақын уақытта жаңа раунд ұйымдастырылатынын айтты.

АҚШ Ресей мен Украина арасында бейбіт келісімге қол жеткізуге делдал болуға тырысуда. Алайда Ресейдің Украинадан қазір бақылауында ұстап отырған Донбасс өңірінің шығысындағы кейбір аумақтардан әскерін әкетуді талап етуі және Киевтің бұл талапты қабылдамауы келіссөздердегі ілгерілеуді баяулатып отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Женевада Ресей–Украина келіссөздері өтуде

Кремльдің аға кеңесшілерінің бірі Мединский Женевада журналистерге берген сұхбатында: «Келіссөздер екі күнге созылды: кеше әртүрлі форматта өте ұзақ кездесу өтті, ал бүгін болса шамамен екі сағатқа жалғасты. Бұл оңай болған жоқ, бірақ ресми әрі байыпты түрде жүргізілді. Келесі кездесу жақын арада өтеді», - деді. Қысқаша мәлімдемеден кейін ол сұрақтарға жауап бермеді.

Украина: «Ілгерілеу бар»

Ал Украина тарапынан бас келіссөз жүргізуші Рустем Умеров те соғысты аяқтауға бағытталған келіссөздерде ілгерілеуге қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Умеров: «Біз соғысты аяқтау үшін қажет  негізгі мәселелер бойынша жұмыс істеуге тырыстық. Бұл екі тарап арасындағы үйлесімділікті және жеткілікті уақытты талап ететін күрделі жұмыс. Ілгерілеу бар, алайда қазір егжей-тегжейін жариялау мүмкін емес», -деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда
ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей зымырандары Украинадағы тұрғын үйлерді нысанаға алды
Іздеу
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
АҚШ Сирияға қатысты қорғаныс экспортына қойылған шектеулерді жеңілдетті
Президент Зеленскийдің мәлімдемесі Оңтүстік Кореяның наразылығын туғызды
Данияда ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды
Ирак елдегі барлық қарулы топты қарусыздандыруды көздейтін жоспар әзірлеуде
АҚШ президенті Трамп Иранның түптің түбінде берілуге мәжбүр болатынын мәлімдеді
Судан сыртқы араласуды тоқтатуға шақырды
Президент Трамп Иран санкцияларына қатысты ақпаратты теріске шығарды
Президент Зеленский Пхеньянның Ресейге қосымша әскер дайындап жатқанын айтты
Президент Ердоған Хендрик Вюстті қабылдады
Түркия, Әзербайжан және Грузия өкілдері Бірлескен кеден комитетінің отырысын өткізді
Иран: «Иранның АҚШ-пен қандай да бір келіссөз жүргізу жоспары жоқ»
Трамп Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атады
Түркия Нетаньяхудың мәлімдемесіне үшінші хатшы деңгейінде жауап берді
Грекия премьер-министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қат
Зеленский: «Түркияның үшжақты бейбітшілік саммитін өткізу бастамасын қолдаймыз»
АҚШ президенті Трамп Қытай төрағасы Сиді әуежайда қарсы алды