ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
ЕО дронға қарсы қорғаныс жоспарына қолдау білдірді
Еуропалық көшбасшылар Украинаға қатысты бірлік уәдесін білдіріп, қазан айындағы саммитті «шешім күні» деп атады. Олар Еуропа қорғанысын күшейту қажеттігін атап өтті.
ЕО дронға қарсы қорғаныс жоспарына қолдау білдірді
ЕО көшбасшылары Ресейге қарсы Украинамен ынтымақтастықты күшейтуге уәде берді. / Reuters

ЕО көшбасшылары Ресейдің күшейіп келе жатқан шабуылдары құрлық үшін артып келе жатқан қатер екенін мәлімдеп, Украинамен қорғаныс саласында ынтымақтастықты арттыруға уәде берді.

Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта бірлескен баспасөз мәслихатында одақтың 23–24 қазанда өтетін келесі саммиті «шешім күні» болатынын айтты.

Кошта журналистерге: «Екі апта ішінде Еуропалық комиссия 2030 жылға дейінгі қорғанысқа дайындық жөніндегі жол картасын ұсынады, ал Еуропалық кеңес үш аптадан соң қайта жиналады. Сол күні шешім қабылданады», – деді.

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен Ресейдің «бізді қорқытып, сынап жатқанын және тоқтамайтынын» айтып, Киевке қосымша қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Ол: «Ең алдымен Украинаға қаржылық қолдауымызды арттыруымыз керек. Енді барлығы ненің қатерге тігілгенін біледі… Басты мақсатымыз – соғыс мүлдем мүмкін болмайтындай дәрежеде мықты Еуропа құру», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Дания азаматтық ұшқышсыз әуе аппараттарының ұшуына тыйым салды
ҚатыстыTRT Қазақ - Копенгаген әуежайындағы дрон оқиғасы: Дания Премьер-министрі мәлімдеде жасады

Көп талқыланған мәселелердің бірі Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің соғыста ұшқышсыз ұшу аппараттарының көбеюіне қарсы «дрон қабырғасы» жобасы болды.

Фон дер Ляйен әуе кеңістігі бұзылған Польша, Румыния, Эстония және Дания сияқты ЕО елдерге қолдау білдірді.

Бұл жағдайды «гибридті соғыс тактикасы» деп атаған Фредериксен әрбір азамат пен өңірдің қорғалуын атап өтіп, күшті еуропалық жауап қажеттігін жеткізді. Ол дрондардың соғысты өзгертетінін айтып, дрон технологиясы мен қарсы шараларға трансшекаралық инвестициялар салынуы тиіс екенін мәлімдеді.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді