САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Гренландияда Ресей қаупіне қарсы тұруға уәде берді
АҚШ президенті НАТО-ның жиырма жыл бойы Данияны Арктикадағы қауіпсіздік мәселелерін шешуге шақырып келе жатқанын айтты.
Трамп Гренландияда Ресей қаупіне қарсы тұруға уәде берді
Трамп Гренландияда Ресей қаупіне қарсы тұруға уәде берді / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Вашингтонның Гренландиядағы Ресей қаупін жою үшін маңызды қадам басатынын хабарлады. Трамп «Truth Social» платформасында «НАТО Данияға жиырма жылдан жылдан бері «Ресей қаупін Гренландиядан алыстату керек» деп айтып келеді. Өкінішке қарай Дания ештеңе істей алмады. Енді уақыты келді, бұл жүзеге асады»,- деп жазды.

Дания Сыртқы істер министрлігі «Reuters» агенттігінің пікіріне жауап бермеді.

Трамп бірнеше рет Данияға тиесілі автономды аймақ саналатын Гренландияны иеленгісі келетінін айтқан болатын. Ал Дания мен Гренландия басшылары аралдың сатылмайтынын және АҚШ-тың құрамына қосылғысы келмейтінін мәлімдеп келеді.

Жексенбі күні НАТО Бас хатшысы Марк Рютте мен Трамп телефон арқылы сөйлесіп, Гренландия мен Арктикадағы қауіпсіздік жағдайын талқылады. Рютте бұл мәселе бойынша жұмысты жалғастыратынын айтып, осы апта Трамппен Давоста кездесетінін атап өтті.  

Гренландия стратегиялық тұғыры мен мол минералды ресурстарына байланысты ұзақ уақыттан бері АҚШ-тың қызығушылығын тудырып келеді. Сондай-ақ аймақта Ресей мен Қытайдың белсенділігі артты деген уәжге байланысты алаңдаушылық та бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп: “Ұлттық қауіпсіздік үшін АҚШ-қа Гренландия қажет”

Трамп сенбі күні Вашингтонның 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд және Финляндиядан келетін тауарларға 10 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін, маусымға дейін бұл мөлшерлеме 25 пайызға дейін өсетінін айтты. Ол мұның себебі ретінде аталған елдердің Гренландияға АҚШ бақылау орнатуына қарсы шығуын көрсетті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Медведев Трамп «асықпаса, Гренландия Ресейге қосылу үшін дауыс береді" деп қалжыңдады

Еуропаның сегіз елі жексенбі күні бірлескен мәлімдеме жасап, АҚШ-тың қоқан-лоққысын айыптады және Арктика қауіпсіздігіне адалдығын қайталады.

Ал Кремль өткен апта Гренландияның заңды мәртебесін мойындап, арал төңірегіндегі қазіргі жағдайды «даулы» деп сипаттады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Медведев Трамп «асықпаса, Гренландия Ресейге қосылу үшін дауыс береді" деп қалжыңдады

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Біз Гренландия Дания Корольдігіне тиесілі аумақ деген түсінікпен әрекет етеміз», -  деді.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді