САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Ресей: «Президент Трамптың ұсыныстары бейбіт келісімнің негізі бола алады»
Ресей президенті Владимир Путин Киев билігінің ішкі саяси жағдайға байланысты дағдарысты реттеуге дайын емес екенін мәлімдеп, «Біз Украинамен бейбіт келісімді заңды билікпен жасағымыз келеді» деді.
Ресей: «Президент Трамптың ұсыныстары бейбіт келісімнің негізі бола алады»
Ресей Президенті Владимир Путин.

Путин бұл мәлімдемені Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (SPIEF) аясында әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесу барысында жасады.

«Сіздер Донбасты толық бақылауға алуды қалайсыздар ма, әлде келісімге келуге дайынсыздар ма?» деген сұраққа жауап берген Путин бұл екі мақсаттың бір-біріне қайшы келмейтінін айтты.

Ресей президентінің сөзінше, Ресей әскері Украинадағы майданның барлық бағытында алға жылжып келеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»

«Соңғы уақытта шамамен 2 мың 440 шаршы шақырым аумақ бақылауға алынды. Ресей күштері күн сайын ілгерілеуде. Ресей Луганск халық республикасының бүкіл аумағын, Донецк халық республикасының 85 пайызын және Запорожье облысының 80 пайызын бақылауға алды. Бұл үдеріс жалғасып жатыр», - деді Путин.

«Украина үлкен шығынға ұшырап жатыр»

Путин Украина қарулы күштері ауыр шығындарға тап болғанын алға тартты.

Оның айтуынша, Украина армиясының жеке құрамы соңғы уақытта шамамен 100 мың адамға азайған, ал ай сайынғы шығындар 40 мың адамға жуықтайды.

Сондай-ақ ол жыл басынан бері армиядан қашып кеткендердің саны шамамен 60 мыңға жеткенін мәлімдеді.

«Адамдарды армияға күштеп алып жатыр, олардың ынтасы жоқ. Ешкім соғысқысы келмейді», - деді Ресей басшысы.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады

«Бейбіт келісімге дайынбыз»

Путин Ресейдің Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешуге дайын екенін айтты.

Оның сөзінше, Ресей АҚШ президенті Дональд Трамппен Анкориджде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде келісім жасауға әзір.

«Украинамен бейбіт жолмен, Анкориджде Трамппен келісілген қағидаттар негізінде келісімге келуге дайынбыз және соны қалаймыз. Ресей ол келісімдерді қабылдайды. Украина тарапы да оларды қабылдауы тиіс. Сонда қақтығыс тоқтатылады. Украина осыған көндірілуі керек», - деді Путин.

«Киев билігі қақтығысты тоқтатқысы келмейді»

Путиннің пікірінше, Украина басшылығы билікте қалу үшін соғысты тоқтатуға мүдделі емес.

«Киев ішкі саяси жағдайға байланысты дағдарысты шешуге дайын емес. Егер бейбітшілік орнаса, Киевтегі ішкі саяси күрес, билік үшін талас және экономикалық жағдай түбегейлі нашарлайды», - деді ол.

«Келісімді заңды билікпен жасағымыз келеді»

Украина басшылығының заңдылығы мәселесіне тоқталған Путин:

«Біз Украинамен бейбіт келісімді заңды билікпен жасағымыз келеді. Егер құжаттарға қол қою кезеңіне жетсек, оған қол қоятын адамдар табылады. Тек соны қаласа болғаны», — деді.

«Президент Трамптың ұсыныстары бейбіт келісімнің негізі бола алады»

Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина дағдарысын шынайы түрде шешуге тырысып жатқанын айтып, оның ұсыныстары болашақ бейбіт келісімнің негізіне айналуы мүмкін екенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда

«Иран дағдарысы жаһандық сипатқа ие»

Ресей президенті қазіргі кезде АҚШ әкімшілігінің негізгі назары Ирандағы жағдайға ауғанын атап өтті.

«Егер Украинадағы дағдарыс өңірлік сипатқа ие болса, Иранға қатысты дағдарыс жаһандық сипатқа ие. Ормуз бұғазының жабылуы әлемдік экономикаға әсер етті. Өкінішке қарай, Еуропа елдері Украина дағдарысына жаһандық сипат беруге тырысып отыр», - деді Путин.

Сондай-ақ ол Еуропаның Украинадағы дағдарысты шешу процесіне қатысуы үшін бейтарап болуы қажет екенін айтты.

Путин Ресейдің Украинаның Еуропалық одаққа мүшелігіне қарсы емес екенін, бірақ Еуроодақтың әскери ұйымға айналуына қарсы екенін жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Зеленский бейбіт келіссөздерді Түркияда өткізуді ұсынды
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті