САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль үкіметі Газа секторындағы шабуылды біртіндеп кеңейту жоспарын қабылдады
Бұл туралы  Израильдің қоғамдық хабар тарату арнасы «Kan» хабарлады.
Израиль үкіметі Газа секторындағы шабуылды біртіндеп кеңейту жоспарын қабылдады
/ Reuters

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың қауіпсіздік кабинеті Газа секторындағы шабуылды біртіндеп кеңейту жоспарын мақұлдады.

Бас Штаб басшысы генерал-лейтенант Эяль Замирдің мәлімдеуінше, Израиль армиясы Газадағы шабуылда арттыру мақсатында резервтегі сарбаздарға ондаған мың шақыру қағазын тарата бастады.

Жексенбі күні Йемендегі хоуситтер жіберген зымыранның бір бөлігі Израильдің негізгі әуежайы Бен Гурионға жақын жерге түскеннен кейін Нетаньяху «Газа секторындағы соғыстың келесі кезеңін» талқылау үшін қауіпсіздік кабинетін шақырғанын мәлімдеді.

Израиль наурыз айында АҚШ қолдаған екі айлық бітімді біржақты бұзып, Газа секторындағы шабуылдарын қайта бастаған еді.

Қауіпсіздік кабинеті сондай-ақ Газа секторындағы гуманитарлық көмекті таратуға арналған жаңа жоспарды мақұлдады. Бұл туралы Израильдің «Ynet” жаңалықтар сайты хабарлады. Бірақ көмектің қашан жеткізілетіні белгісіз.

Палестина босқындарына арналған БҰҰ агенттігі (UNRWA) жексенбі күні Газадағы медициналық қызметтердің Израиль блокадасы мен жалғасып жатқан шабуылдар салдарынан ауыр ресурстық тапшылыққа тап болғанын ескертті.

«Негізгі қажеттіліктердің үштен бірі таусылған, ал қалғандары да екі ай ішінде таусылады деп күтілуде», – деп мәлімдеді агенттік.

Агенттік медициналық қызметтердің «өте ауыр ресурстық тапшылықта» екенін және жалғасып жатқан қоршау мен бомбалау жағдайында жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Қиындықтарға қарамастан, UNRWA сектордағы жетекші денсаулық сақтау қызметін атқарушы болып қала береді.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді